Бактериоз немесе бұрышты дақ. Ауру қоздырғышы – Pseudo- monas syringae pv. lachrymans Young et. al. бактериясы (138-сурет). Оның дамуына қолайлы жағдай 25-27°С, бірақ 1-35°С температура аралығында да дамиды. Қолайлы жағдайда инкубациялық кезең – 4-5 күн. Инфекцияның негізгі қоры – тұқым, сонымен қатар өсім- дік қалдықтары.
Өсімдіктен өсімдікке бактерия жаңбырмен, желмен тарайды. Өсімдікке қоздырғыш түрлі жарақаттар мен леп саңлауы арқылы енеді. Бұрышты дақ ауруына барлық асқабақ тұқымдасындағы да- қылдар шалдығады.