Қиярдың жасыл мозаикасы. Ауру қоздырғышы – Cucumis virus 2 Smith. вирусы (140-сурет). Бұл вирус насекомдармен та- ралмайды, бірақ олар өсімдік шырынымен жұғады. Кептірілген өсімдік шырынында 1 жыл сақталып, 90-95°С температурада тіршілік қабілетін жояды. Вирустың бұл түрі барлық асқабақ тұ- қымдас (асқабақтан басқа), қызанақ, қалуен жəне т.б. өсімдіктерді залалдайды. Ауру қоры тұқымда жəне өсімдік қалдықтарында сақ- талады.
Аурудың сыртқы белгілері кəдімгі қияр мозаикасының белгіле- ріне ұқсас, тек жемістегі сүйелдердің орнына ашық жасыл жəне сары түсті жолақтар түзіледі.