Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет220/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

141-сурет. Құрғақ дақ

Залалданған жапырақта құрғақ, дөңгелек, шеңберлі айқын дақ- тар түзіледі. Олардың көлемі бірнеше миллиметрден 1,5 см де- йін болуы мүмкін. Ауруға өсімдіктің басқа да мүшелері – жеміс сағақтары, жемістері жəне өркендері шалдығады.


Жеміс бетінде түсі қоңыр сəл басылған дөңгелектеу дақтар пайда болып, оның үстінде түсі қара мақпалды өңез түзіледі. Кесел жемістің сағаққа тіркелген бөлігінен басталады.
Септориоз немесе ақ дақ. Ауру қоздырғышы – Septoria lyco- persici Speg. саңырауқұлағы (142-сурет). Қоздырғыштың түссіз жіп- шумағы клетка аралығымен тарайды.

142-сурет. Ақ дақ

Пикнидалары шар тəрізді, түсі қара, саңлауы кең, ішіндегі споралары түссіз, цилиндр пішінді, ұшы сəл иілген. Пикноспоралар жіпшеге өніп, кутикула арқылы өсімдікке енеді. Инкубациялық кезеңі 8-14 күн. Саңырауқұлақ 15-27°С температура мен 77-94% ылғалдылықта жақсы дамиды. Инфекция қоры – шірімеген ауру өсімдік қалдықтарында сақталатын пикнидалар мен пикноспора- лар.


Өсімдіктің залалданған мүшелерінде ұсақ, түсі ақ-сұр, айна- ласы қоңыр жиекті дақтар пайда болады. Дақ бетінде қара пикни- далар түзіледі. Кесел алғаш өсімдіктің төменгі жапырақтарында дамып, кейін жоғары орналасқандарына жылжиды. Залалданған жапырақтардың түсі қоңырланып, ширатылып, қурап түседі. Со- нымен қатар сағақтар, тостаған жапырақшалар кейде жемістер де ауруға шалдығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет