134-сурет. Ақ шірік
Жалған ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы – Pseudoperonospora cubensis Rostowz. саңырауқұлағы (135-сурет). Конидия тасушыла- ры дихотомиялы бұтақталған, конидиялары жоғары ылғалдылықта (100% немесе су тамшысында) жəне 15-220С температурада зоо- спорангийге айналады.
135-сурет. Жалған ақ ұнтақ
Жынысты спорасы – ооспора. Пішіні шар тəрізді, сарғыш түсті, қабығы қатпарлы, диаметрі 36-43 мкм. Олар ұлпа ішінде түзіліп, қыстайды. Көктемде ооспора зооспорангийге өніп, екі талшықты зооспоралар түзіледі. Қоздырғыш қиярдан басқа қауын жəне кəді- ні залалдайды. Ауру қоры – өсімдік қалдықтарында қыстайтын ооспоралар, ал вегетация кезінде – залалданған өсімдікте түзілетін зооспоралар.
Залалданған жапырақтың жоғарғы бетінде түсі сарғыш-қоңыр, бұрышты дақтар пайда болып, олар ұлғайып бір-бірімен қосыла- ды. Жапырақтың төменгі бетінде, дақ астында конидия тасушылар мен конидиялардан тұратын мол, күлгін-сұр өңез түзіледі. Ауруға шалдыққан жапырақтар морт сынғыш келіп, үгітіліп, түседі. Жоғары ылғалдылықта (əсіресе жылыжайлар мен көшетханаларда) жалған ақ ұнтақтан жапырақтар шіриді.
Аскохитоз. Ауру қоздырғышы – Ascochyta cucumis Fautr. et Roum. саңырауқұлағы (136-сурет). Қоздырғыш қиярдан басқа да ас- қабақ тұқымдастарын – қарбыз, қауын, асқабақты залалдайды. Пик- нидалары қара түсті, пішіні шар, ал споралары – цилиндр тəрізді, ұштары доғалданған, түссіз, бір немесе көп клеткалы.
Қалталы кезеңінде бұл саңырауқұлақ Didymella туысына жа- тады. Перитецийлерде көп қалта, олардың əрқайсысында екі клет- калы 8 аскоспора болады. Ауру жоғары ылғалдылық пен қолайсыз
жағдайлардан əлсіреген өсімдіктерде қарқынды дамиды. Инку- бациялық кезең – 3-4 күн. Инфекция қоры – өсімдік қалдықтарын- да қыстайтын пикнидалар мен перитецийлер.
Достарыңызбен бөлісу: |