Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет207/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Бактериялы аурулар




Шырышты бактериоз. Ауру қоздырғышы – Erwinia carotovora pv. carotovora Bergey et al., E. aroideae Holland жəне Pseudomonas fluorescens Migula бактериялары (130-сурет). Қоздырғыш егісте ка- пуста шыбыны, қандаласы жəне т.б. насекомдар арқылы таралады. Инфекция қоры – өсімдік қалдықтары, ауру қаудандар мен өзектер, арам шөптер жəне тұқым. Кеселдің дамуына 20-250С температура жəне 50% ауа ылғалдылығы қолайлы жағдай туғызады.


130-сурет. Шырышты бактериоз

Бұл ауруға əлсіреген қауданды жəне түсті капусталар шалды- ғады. Кесел сулы шірік түрінде білініп, шырыштанып, жағымсыз иісті болады. Қауданның сыртқы жапырақтары шіріп, шырыштанып, қоңырланады, ал құрғақ ауа райында залалданған бөліктер кеуіп, жұқарады. Қауданның ішкі бөлігі көбінесе шіріп, өзегінде қуыс пайда болады. Мұндай қаудандар жетілмей, мезгілінен бұрын өзегінен ажырап, түсіп, жағымсыз иістенеді.


Шырышты бактериозбен көбінесе насекомдар əсерінен зақым- данған өсімдіктер залалданады. Сондай-ақ, оңтүстік аймақтарда кеш егілген өсімдіктерде құрғақ, ыстық ауа райында байланған қаудандар жиі шіриді. Мұндай өсімдіктердің ауруы қоймада жал- ғасып, сау қаудандарға тарайды. Егіске отырғызған ауру тұқым- дық өсімдіктер бірден солып, қурап, шіріп, жағымсыз иісті болады.
Түтікті бактериоз. Ауру қоздырғышы – Xanthomonas campestris pv. campestris Dowson бактериясы (131-сурет). Вегетация кезеңінде бактериялар ауру өсімдіктен сауына жаңбыр тамшысымен, жел- мен, насекомдармен жəне т.б. тарайды. Бактериялар гидатода (су саңлауы), леп саңлауы, насекомдар (капуста шыбыны) жəне ме- ханикалық жарақаттар арқылы өсімдік түтіктеріне енеді де, оның
солуына себеп болады. Жергілікті ылғалдылықта қоздырғыштың инкубациялық кезеңі – 10-15 кейде 30 күнге созылады. Инфекция қоры – залалданған тұқым, өсімдік қалдықтары, тұқым жəне жа- байы крестгүлділер.
131-сурет. Түтікті бактериоз

Залалданған өскіндердің тұқым жарнағы ашық түске боялады. Егістікке отырғызылған көшеттерде ауру белгісі 2-3 аптадан соң білінеді. Жапырақ шетінен бастап ортасына қарай сарғайып, жүй- келер қоңырланады. Өзек пен жапырақтың көлденең кесіндісінде түтіктердің қоңырланғаны айқын көрінеді. Ерте залалданған өсім- дікте қаудан байланбай, кейде ол қурайды. Кесел қауданды жина- ған кезде жиі (50-70%) кездеседі.


Бактериоз тұқымдыққа аса зиян келтіреді. Тұқымдық өсімдік ауру сəл дамығанда да қурауы мүмкін. Егістікке отырғызған тұқым- дықтың өсуі саябырлап, жапырағы қарайып, сабақтарында қара сызықтар пайда болады. Бұршаққапта қара жылтыр, пішіні мен кө- лемі əртүрлі дақтар түзіліп, тұқым жетілмейді.
Пысықтау сұрақтары

  1. Қара мойнақ ауруын қандай паразиттер тобы туғызады? Өсім- дік қандай даму кезеңінде залалданады?

  2. Кила ауруына өсімдіктің қандай мүшесі шалдығады? Аурудың белгілері қалай білінеді? Инфекция қоры қайда сақталады?

  3. Пероноспороз қоздырғышы қандай жағдайда дамиды? Ауруға өсімдіктің қандай бөлігі шалдығады? Кеселдің алғашқы белгісі өсімдік- тің қандай даму кезеңінде білінеді? Пероноспороздың инфекция қоры қайда сақталады?

  4. Альтернариоздағы ауру белгісі қандай? Инфекция қоры қайда сақталады?

  5. Фомозбен залалданған мүшеде саңырауқұлақтың қандай спора- лары түзіледі? Кеселдің сыртқы белгілері қалай білінеді?

  6. Түтікті жəне шырышты бактериоздардың негізгі айырмашы- лықтары. Кеселге өсімдіктің қандай мүшесі шалдығады? Бактериялар өсімдікке қалай енеді? Ауру белгісінің білінуі жəне инфекция қорының сақталуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет