Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет236/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

157-сурет. Қара рак

Ағаштың жапырағы, гүлі, жемісі, дің ойдымы мен негізгі бұ- тақтары залалданады. Жапырақ бетінде алғаш түсі қоңыр, шеңберлі дақ пайда болады. Дақ ортасы ақшылданып, кейін сұрланады. Күзде дақ үстінде қара түсті пикнидалар түзіледі, кейде олар түзілмеуі де мүмкін. Залалданған жапырақтар қурап, мезгілінен бұрын түседі.


Залалданған гүлдердің күлте жапырақтарында аурудың белгісі
«күйік» түрінде білінеді. Олар қоңырланып, жиырылып аталық пен аналықтары қараяды да, кейін аталған мүшелерде саңырауқұлақ пикнидалары пайда болады.
Ауруға шалдыққан жемістерде шірік ауруы дамиды. Залалданған қабық астында алғаш көлемі аса үлкен емес қоңыр дақ пайда бо- лады да, ұлғая түседі. Дақ үстінде кейін шеңберленіп орналасқан пикнидалар көрінеді.
Залалданған жеміс түгел қарайып, қыртыстанып, мумияға ай- налады. Мумияланған жеміс қатайып, беті пикнида санының көп- тігінен бұдырланып, қараяды. Жеміс жастай (ерте) залалданса ке- уіп, қараяды. Саңырауқұлақ жеміс бүршіктерінде қыстап шығып, кейін өсімдіктің жас түйіндеріне диффузды тарайды.
Кеселге шалдыққан ағаш қабығында түсі қоңыр-күлгін дақтар пайда болып, кейде қабық түссізденіп, соңынан қоңырланады. За- лалданған жəне сау ұлпалар аралығында қабық жарылып, кейін жансызданып қураған қабық торланып, жарықтанып, түсіп, орнын- да қарайған ағаш діңі көрінеді. Эпидермис астында қара пикни- далар түзіліп қабық күйгендей болып көрінеді. Діңнің залалданған бөлігінен жоғары орналасқан бұтақтары жансызданып қурайды. Тікелей діңнен тармақталған бұтақтар залалданса, онда ағаш 3-4 жылда қурап жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет