Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет239/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
159-сурет. Жеміс шірігі

Инфекция жеміске насекомдардың (жеміс жемірі) зақымдаған жарақаттары, əртүрлі жарықтар арқылы жəне ауру мен саулары жанасқанда енеді. Саңырауқұлақ 24-280С температура мен 75-80% ауа ылғалдылығында жақсы дамиды. Инкубациялық кезеңі – 3-5


күн. Қоздырғыштың споралары 8-10 күнде түзіліп, вегетация ке- зінде бірнеше ұрпақ береді.
Бұл ауру қоймада да кездеседі. Саңырауқұлақ споралары 20С жылылықта түзіле бастап, ал температура одан жоғары көтерілген жағдайда жеміс шіриді. Инфекция қоры – мумияланған жеміс.
Залалданған жеміс бетінде қоңыр дақ пайда болып, ұлғайып бір- бірімен қосылып, кейін жемісті түгел қамтиды. Жемістің жұмсақ ұлпалары шіріп, жеуге жарамай, кейін олар қарайып мумияланады.
Алма мен алмұрттың таты. Алма татының қоздырғышы – Gymnosporangium tremelloides Hartig., алмұртта – G.sabinae Wint. саңырауқұлақтары (160-сурет). Аталған қоздырғыштардың аралық иесі шекілдеуікті жемістілер болып табылады. Бұл ауру əсемдік екпе ағашы (арша) ретінде өсірілетін саябақтарға жақын орналас- қан жеміс ағаштарында кездеседі. Саңырауқұлақтар негізінде өсім- діктің жапырағын, кейде өркендерін, сағақтарын, жемістерін залал- дайды.
160-сурет. Тат

Жапырақтың жоғарғы бетінде қызғылт, қызыл-сары дақтар пайда болып, оның үстінде майда қара нүктелер – спермагоний- лер (пикнидалар) түзіледі. Жапырақтың төменгі бетінде, дақтар- дың астында топтанып пайда болатын ұзынша өскіндер – эцийлер көрінеді. Ондағы жетілген эциоспоралар ауа толқынымен, желмен таралып, аршаның қылқандарын, өркендерін жəне бұтақтарын залалдап, қыстайтын жіпшумақ түзеді. Залалданған бөлікте иін пайда болып, ұлғайып бұтақты, өркенді шеңберлене қамтыса, онда өркен мен бұтақ қурап қалуы мүмкін.


Арша діңінде, əсіресе тамыр мойнында жаралар, бұлтықтар мен ісіктер пайда болады. Көктемде залалданған бөлікте қабық жарығында қоңыр өскін тəрізді телий төсеніш түзіліп, жаңбырдан кейін ісініп шырышпен жабылады. Урединий кезеңі болмайды. Те- лиоспоралары сопақша, ұшына қарай жіңішкелеу, екі клеткалы, түсі қара-қоңыр, жіңішке сабақты, көлемі 39-40 х 22-28 мкм. Телиоспоралар базидияға өніп, онда түзілген базидиоспоралар желмен радиусы 40-50 км қашықтыққа таралып, аралық иесін залалдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет