Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет116/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Бактериологиялыц диагноз
үшін жағындыларды микроскоппен қарап
ауру қоздырушысының өсіндісін алып, теңіз тышқанына биологиялық сынама 
қояды.
Серологиялъщ реакциялар
бруцеллезге малды жаппай тексеру үшін кеңі- 
нен қолданылады. Бүлардың ішіндегі ең танымал әдістер: агглютинация реак- 
циясы (АР), комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), комплементті ұзақ 
байланыстыру реакциясы (К¥БР), сонымен қатар роз бенгал сынамасы (РБС). 
Соңғы кезде Қазақстанда ашылған (Т.Сайдулдин, 1972) конглютининдеуші 
кешенді байланыстыру реакциясы (ККБР) немесе Сайдулдин реакциясы (СР) 
практикаға енгізіле бастады. Жалпы індеттік жағдайды бақылау үшін сүтпен 
қойылатын шығыршық реакциясын (ШР) пайдалануға болады.
Аллергиялыц тексеру
бруцеллездің соңғы кезеңдерінде нэтижелі деп 
есептеледі. Бүл үшін бруцеллин аллергені пайдаланылады. Оны тері ішіне 
жэне тері астына (көздің астыңғы қабағына) жібереді. Бірақ, аллергиялық 
әдістің сезімталдығы серологиялық реакциялардан төмен.
Бруделлезді анықтау үшін оны басқа аурулардан 
ажыратып балау
ке- 
рек. Әсіресе малдың іш тастауына әкеп соқтыратын кампилобактериоз, трихо- 
моноз, лептоспироз, жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпайтын аурулардан 
ажырату керек.
Емі. Бруцеллезбен ауырған мал емделмейді, ол тез арада сойылады.
И ммунитет. Бруцеллезбен ауырған малда табиғи иммунитет қалыптаса- 
ды. Оның үзақтығы сиырда 4-5 жыл, қойда 2 жыл. Аурудан соңғы имму- 
нитеттің ерекшелігі, ол бастапқы кезеңде стерильді емес, яғни организмде 
қоздырушы микроб сақталады, ал соңынан иммунитеттің стерильді кезеңі 
басталып, организм қоздырушы микробтан арылады. Иммунды организмде 
бруцеллалардың үзақ сақталуы себепті ауруға шалдыққан мал, клиникалық 
түрғыдан жазылып кетсе де, басқа жануарлар үшін қауіпті, инфекция қоз- 
дырушысының бастауы болып табылады. Бруцеллезге қарсы иммунитет 
жасушалық факторларға негізделген, ал антиденелердің қорғаныс қабілеті 
оншама емес, олар тек жануардың ауруға шалдыққанының белгісі ретінде 
ғана баға-ланады. Бруцеллалардың бір түріне қарсы қалыптасқан иммунитет
бүл микробтың басқа түрлерінен де қорғайды.
Банг 1906 ж қой мен сиырға бруцеллезге қарсы қоздырушы микробтың 
тірі жэне өлтірілген өсіндісін егіп, өлі микробтың иммундық қасиетінің төмен
166


болатындығын анықтады. Американдық ғалым J, 
Buck
(1930) ұзақ уақыт 
қоректік ортада өсіру арқылы уыттылығы төмен 
В. abortus
19-шгамын алып, 
оны вакцина ретінде үсьінды. Бұл бруцеллезгё қарсы колданылғав вакци- 
налардың ішіндегі дүниежүзінде ең . көп қолданылғаны. Юның ; артықщы- 
лықтары - қасиеттерінің гұрақтылығы және иммуногендігінің күштідігі, 
сонымен қатар кемшілігі - егілген жануардың организмінде антидене ұзак 
уақыт сақталады да, серологиялық эдіспен тексергенде нағыз аурудан ажы- 
рагу мүмкін болмайды. Бруцеллезге қарсы иммунитет аурудың жұғуымақ 
толық сақгай алмайды, сондықтан егілгён малды да оқтын-оқтын тексерш, 
ауруға шалдыққан жануарларды оқшаулап отыруға тура келеді. Вакцинадан 
соңғы серологиялық реакция эсіресе ересек жануарЛарда ‘ (сиырларда)' ұзақ 
сақталады, ал жас малда, эсіресе, 4 айдан аспаған горпақта, аз уақыт щтінде 
өшеді.
К.М.Салмаков (1960) 
В, abortus
қоздырушысының №82 штаммынан 
вакцина даярлады. Бүл штамм диссоциацияланған микроб болғандықтан 
оның құрамында S- және R- вариантгары бірдей кездеседі. ¥заіү уақыт брйы 
S-антигенді 19 штамм вакцинасын пайдаланғанда S-антидёнелердің әсерінен
S-формадағы бруцеллалар індет ошағында тежеле бастайды да, R-формадағы 
бруцеллалар сақталып қалады. 82 ;штаммды пайдаланғанда бұндай қүбылыс 
байқалмайды. Б.үл вакцинаның тағы бір артықшылығьі егілген малда антиде- 
нелер ұзақ уақыт сақталмайды да, бруделлезге серологиялық гексеруге мүм- 
кіндік туады. Бірақ бұл штаммның иммуногендігі 19-штаммнан тәменірек 
жэне диссоциант болғандьщтан қасиёттерінің тұрақтылығы тәме.ң, Тағы бір 
кемшілігі сиырды буаз кезінде ексе іш тастауы мүмкін.
Мексикада 1953 ж. Хельберг пен Эльберг 
'В.melitensis
.-өсіндісінён стреп- 
томициңге тәуелді 
[Rev-І.
мутаңтын бөлін алды. Қазіргі уақыгта ол вакцина 
ретінде қойды бруцеллез бен жұқпалы эпидидимитке егу үшін кеңінен колда- 
нылады.
Д аулау және күресу ш аралары . Бруцеллездің ішдын алу үшін ең басты 
шара - аурудан сау шаруашылыққа сырттан инфекция коздыруиіысын әкел- 
дірмеу мақсатында негізгі ветеринариялық-санитариялық талаптарды орын- 
дау. Мал табындарын текіқана аурудан таза шаруашылықтарда өсірілген сау 
жануарлардан құрайды жэне жайылымда, суарғанда, айдағанда ■
бір-бірімен 
араласуьша жол бермейді. Жоспарлы .түрде жануарларды бруцеллезге тексер- 
іп түрады. Өсіру үшін ішаруашылыққа экелінген малдарды 30 күн караңтинде 
ұстап, бүл уақытта бруцеллезге агглютинация ,жэне комплемент байланыс- 
тыру реакциялары арқьілы тексеріп, нәтижелері геріс болғанда ғаиа жалпы 
табынға қосады. Мал іш тастаса, оның қанын жэне тастанды төлді лабора- 
торияға тексеруге жібереді.
Бруцеллезге қарсы ірі қараны 19- және 82-штамдардан даярланған вак- 
циналармен, ал қойды 19-штамм жэне Rev-1 вакциналарымен егеді.
Бруцеллез шыққан шаруашылықта індет ошағына карантин қойылып, 
сауықтыру шаралары жүргізіледі. Сауықтырудың ең тиімді эдісі ауру шықкан 
табынды түгелімен сойып, қораны мұқият дезинфекциялап, жаңадан сау мал 
әкелу. Әрине, бұлай ету аурудың байқалған сәтінде уақзптылы диагнозын
167


анықтап, жедел шаралар қолданғанда ғаңа мүмкін болады. Уақыт өтіп кетіп, 
ауру кең тарағанда мұндай мүмқіндік болмайды да, ауруға шалдыққан 
малдарды дүркін-дүркін тексеру арқыльі * аяа, іұгелдей бөліп алуға болады.
Ауру шыққан сиыр фермасын карантиндік ренттіліктеұстап, барлык 
малды 15-30 қүн сайын бруцеллезге серологиялық эдіспен тексеріп, оң нэти- 
же берген жануарларды жедел бөліп алып, сояды да, қораны дезинфекция- 
лайды. Осылайша тексеруді бүкіл табын бойынша қатарьшан екі рет теріс 
нэтиже алғанға дейін жүргізеді. Екі рет теріс нәтиже алған соң табынды 3-6 
айға бақылауға қойып, бұл уақытта 2 рет бруцеллезге тексереді. Тексеру теріс. 
ңэтижс берсе табын сауықтьфылды деп есептен, қорытынды дезинфекция 
жасаған соң карантинді алады.
Атаулар мен ұғымдар
Бурцеллез, Brucellosis, Brucella melitensis, Brucella abortus, Brucella suis, 
Brucella neotomue, Brucella canis, Brucella ovis. Роз бенгал съінамасы, Сай- 
дулдин реакциясы, сүтпен шығьфшық реакциясы, буруцеллин. 19-штамм, 82- 
штамм жэне Рев-1 вакциналары.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекгі мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, гарихи деректер, қоздьфушысы, індетгік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, отуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу іоаралары.
2. Бруцеллалардың S-SR, R-формаларының антигендік және вирулентгі- 
лік айьфмашылықтары қандай, олар бір-біріне қалай ауысады (диссоциация)?
3. Бруцеллезбен дертзенудің бастапқы латенция, генерализация жэне 
екінші латенция кезеңдерінің бүл аурумен күресу үшін қандай маңызы бар?
Тапсырмалар
1. Қой отарында 460 буаз саулықтың үшеуі 4 айлығында іш тастады.
Бактериологиялық тексеру кезінде бір тастанды төлден бруцеллез қозды-
рушысы бөлінді. Шаруашылықта бүрын бруцеллез байқалмаған, бұл ауруға 
қарсы мал егілмеген. Өткен күйек кезінде шеттен екі қошкар экелінген. Олар- 
ды бруцеллезге тексергенде АР мен КБР теріс нэтиже берген, бірақ та қош- 
қарлар карантинде үсталмай, бірден күйекке қосылған. Осы жағдайда қандай 
шаралар қолдану керек? Жүргізілетін шаралардың жоспарын жасап, іске 
асьфу жолдарын нақтылаңыз.
2. Шаруа қожалығында сиыр фермасында бірнеше қора бар: біріншісінде 
86 сауын сиьф; екіншісінде жеке секцияларда 26 қүнажын, 32 ұрғашы 
тайынша, 18 піштірілген еркек тайынша, 3 бүқа, үшіншісінде 46 бұзау (3 сек- 
цияда), 10 жаңа туған бүзау (жеке-жеке клеткаларда) орналасқан. Осы 
қораның бір жағында тууға тақалған 10 сиьфлық бөлёк секция орна-ласқан. 
Бруцеллезге ж оспарлы кезекті серологиялық тексерген кезде 3 сиыр мен 1
168


құнажын оң реакция береді, 3 сиыр АР бойынша, оның екеуі КБР-да, 
құңажың АР бойынша. 2 аптадан кейін қайтадан тексерген кезде бүлардың 
барлығы оң нэтиже беріп, оларға тағы бір құнажын мен екі сиыр косылды.
Осы шаруашылықты сауықтырудың 82 штам вакцинасын қолдану ар- 
қылы (бұрын бруцеллезге қарсы вакцина егілмеген) жэне вакцина екпей 
сауықтырудың екі түрлі жоспарын жасаңыз..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет