Оқулық. Алматы, 518 бет


-4  күн ішінде өліп қалады. Аурудың бас кезінде  жануардардың



Pdf көрінісі
бет118/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
2-4 
күн ішінде өліп қалады. Аурудың бас кезінде 
жануардардың 
ауызында 
немесе көмейінде бөгде зат түрып қалғандай болады. Бұндай жағдайда дәрі- 
герлік көмек көрсету эрекеті кезінде ауру жұқтырып алудан сақ болу керек.
Құтырықтың кәдімгідей емес түрі
сирек кездеседі. Ондай ,кезде ,ит 
өшпенділік көрсетпейді. Ауру сәл жіті өтеді де, жануар тез арып, бүлшык ет- 
тері сола бастайды. Кейде тек қана шектен тыс арықтайды да. басқа белгілері 
көзге түспейді. Аурудың үзілмелі түрі өте сирек кездеседі, ондай жағдайда 
жануар ара-түра жазылып кетеді де, қайталамалы құтырық деп аталады.
Мысыцта
қүтырықтың белгілері иттегідей. Өршіген түрі жиі ұщырайды. 
Бастапқы кезеңінде мысық аса секемшіл, қорқақ болып, қаға беріс қараңғы 
жерлерге тығылып қалады. Ондай жерден алып шығуға тырысқанда иесін 
тырнап, тістеп алуы мүмкін. Әдетте кісінің бетіне шабады. Жүтынуы қиын- 
дап, сілекейі ағады, қырылдагі мияулайды. Көтерілген кезеңі басталғанда ит 
құсап қашып кетуге тырысады, бірақ, аса алысқа ұзамайды. Мұндай мысық 
өшпенді келеді, эсіресе ит пең кісіге соқтығады. Бүдан соң жүтқыншақтың, 
аяқтарының, түла бойы бүлшық еттерінің салдануы күшейіп, ауру басталған 
соң 2-5 күн өткенде мысық өліп ,қалады. Салданған құтырық кезінде өді- 
пенділік аса байқала қоймайды немесе мүлдем болмайды.
Жабайы еткоректілер
құтырған кезде адамнан қорқуды қойып, өшпен- 
ділігі артады. Әсіресе құтырған қасқыр мен қорқау қасқыр өте қауіпті болады. 
Жабайы жыртқыштарда үй жануарларындай гидрофобия (судан сескену) 
болмайды. Өршіген кезеңінде олар үлкен өзендерден де жүзіп өтеді. Құтырған 
түлкі мен қарсақ тапа-тал түсте елді мекендерге келіп, иттермен таласады, 
кісіден қашпайды. Түлкі мал қораларға, мал отарларына кіріп малға шабады. 
Салдану басталған кезде мүндай жыртқыштар жүре алмай, жатып қалса да, ит 
пен адамға ұмтылып, тістеп алуы мүмкін.
Сиырда
қүтырықтың салданған түрі жиі кездеседі. Бұндай жағдайда 
аурудың көтерілу белгілері байқалмайды. Жануар табыннан бөліне береді, 
күйіс қайтаруы тоқтап, жүтынуы қиындайды, сілекейі ағып, мөңіреген кезде 
дыбысы жөнді шықпайды, жүргенде шатқаяқтап, теңселеді. Таз қарынның 
атониясы, іш қату жиілейді. Содан соң аяқтары салданады. Өршіген құтырық 
кезінде бас жібін үзіп кетуге тырысып, бұлқынады, дыбысы элсіреп, бастыры- 
лып мөңірейді, басын кекжитіп, аяғымен жер тарпиды, қоршауды бүзып өтуге 
тырысады. Итке, мысыққа деген өшпенділігі білінеді. Сілекейі шүбырып, 
терлеп, несеп пен нэжіс шығаруға ыңғайлана береді, кейде жыныстық қозу 
белгілерін байқатады. Әбден болдырып барып құлайды да, тыпырлай баетай- 
ды. Біртіндеп жағы, тілі жансызданыгі салбырап, сілекейі шүбырады, артқы, 
с о ң ы н а н ал д ы ң ғы аяқ тар ы сал д ан ад ы . 3-6 күн өткен д е ж ан ы іііъіғады.
172


Қой мен егикіде
де өршіген кұтырық кезінде басқа жануарларға, әсіресе, 
итке, өшпенділігі байқалады. Ауырған малдар тістерін шықырлатып, аяғын 
тарпынып, сүзісе береді. Әдетте жыныстық қозу белгілерін береді. Сілекейі 
шұбырып, денесі салдана бастайды. Екінші күннен бастап-ак денесінің артқы 
жағы бүлғалақтап кенеттен қүлап қалады. Қүтырықтың салданған түрі 
көтерілу және өшпенділік белгілерінсіз өтеді.
Жылқыда
аурудың өршіген түрінің бірінші белгілері үркектік, мазасыз- 
дану, кейде гістелген жерін үйкеу. Несеп шығаруға бейімделген сыңайы жиі- 
лейді, тышқаншық тигендей қипалақтай береді. Көтерілу белгілері шылбырын 
үзіп босануға тырысуы, өшпенділігінің артуы арқылы білінеді. Кейде жы- 
ныстық қозу байқалады. Көтерілу жабырқауланумен алмасады, жануар мүлгіп 
түрады. Жүтынуы қиындап, кісінеген дыбысы булығыгі шығады, ауызынан 
щұбырып сілекей ағады. Бастың, эсіресе жағының бүлшық еттері бүлкілдеп, 
дірілдеп түрады. Ауру басталған соң 2-3 күннен кейін артқы аяғы салданып, 
сүйрете басады, біртіндеп бүкіл денесінен жан кетіп, 3-4 күн ішінде өліп 
кетеді. Жабайы жыртқыштардан жүққанда ауру салданған түрінде өтеді де, 
көтерілу кезеңі байқалмауы мүмкін.
П атал о го ан ато м и ял ы қ өзгерістердің құтырық кезінде айтарлыңтай 
ерекшеліктері болмайды, клиникалық белгілерімен қоса қарастырғанда ғана 
айтарлықтай диагностикалық маңызы бар. Өлексені сырттай қарағанда арықт- 
ағаны, тістелінген, үйкелген орындары көрінеді. Басындағы, мойынындағы 
жүндері сілекейленген. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қап іркілген. 
Қарыны бос, ет қоректі жануарлардың қарынында жеуге жарамсыз заттар 
болады. Күйіс қайтаратын жануарлардың дүңгіршек жэне жалбыршақ қарын- 
дарында тығызданған жын болады. Кейде қарын мен ішектің кілегейлі 
қабықтары қабынып, кей жерлері қанталаған. 'Ми мен ми қабықтары 
домбығып эр жерінде қанталанған өте ұсақ ноқатгар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет