Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет119/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
12-сурет. Құтырыща шаідыщан сиыр.
Мида шашыранды іріңсіз энцефалитке тэн мынандай гистологиялық 
өзгерістер: гиперемия, қантамыры маңындағы ұсақ қанталаулар, мезенхима 
элементтерінің көбеюі үшырасады. Диагноз қою үшін нейрондардың цито-
173


плазмасында Бабеш-Негри денешіктерін табудың маңызы зор. Олардың 
гұрқы дөңгелек, сопақиіа, үшбұрыш немесе ұзынша, мөлшері 0,5-30 мкм, 
саны мен мөлшері аурудың ұзақтығына байланысты. Егер жануар аурудың 
бастапқы кезеңінде өлтірілсе бұл денешіктер табылмайды. Жабайы ет қо- 
ректілер тарататын қүтырық кезінде Бабеш-Негри денешіктері өге сирек 
ұшырасады.
Балау. Алдын-ала диагноз індеттік жэне клиникапық белгілері бойынша 
қойылады. Осы жердегі жэне көріііілес территориядағы індеттік жағдай 
ескеріледі. Анамнезі бойынша кұтырған немесе күдікті жабайы жыртқыштар 
мен иттің қапқаны немесе жанасқаны анықталады. Клиникалық белгілерінің 
ең маңыздысы - ешбір себеисіз өшпенділік білдіруі, денесінің салдануы. Кли- 
никалық-індеттанулық диагноз адамдар мен жануарларға ауру жұғуын сақ- 
тандыратын жедел шаралар жүргізуге негіз болады, бірак оны лаборатория- 
лық зерттеу арқылы түпкілікті анықтау керек.
Зертханаға малдың басын, ұсақ жануардың өлексесін тұтастай жібереді. 
Өлексе мен басты екі қабат полиэгилен қапшықпен металл контейнерге не- 
месе су өткізбейтін ыдысқа салып, ал миды (жаңадан алынған немесе 30-50% 
глицеринмен консервіленген) мұқият жабылған банкіге салып, жәшікпен жег- 
кізеді. Зертханада миды микроскоппен қарап, Бабеш-Негри денешіктерін 
іздейді. Олар табылмаса да құтырыққа тексеру тоқталмайды. Құтырық антиге- 
нін табу үшін диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР) қойылады, бұл 
реакциямен шіріген миды да тексеруте болады. Оның нәтижесі теріс болғанда 
да қүтырық емес деген қорытынды жасалмайды. Мүндай жағдайда флуорес- 
ценциялаушы антидене әдісі қолданылады. Материапды қүтырық вирусына 
тексеру үшін енесінің бауырынан шықпаған ақ тышқанның баласына немесе 
үй қоянына биосынама қояды. Бөлініп алынган вирусты айқындау үшін 
тышқанды пайдаланып бейтараптау реакциясын қояды.
Қүтырықты Ауески ауруынан ажырату керек. Соңғысы кезінде жануарда 
өшпенділік байқалмайды, тэбеті бүзылмайды, жағы салбырамайды. Иттің 
обасынан ажырату керек. Оба аса жүғымтал, жазылуы мүмкін. Құтырған 
жылқы делбеге ұқсас.
Делбе кезінде кілегей қабықтары сарғаяды, өшпенділігі жоқ, кейбір 
ауырған жануарлар жазылады. Кейда уланған, тышқаншық тиген малдар 
қүтырыққа күдік тудырады. Бірақ, ондай жағдайда күтырыққа тэн салдану 
болмайды. Жоғарыда айтылған лабораториялық зерттеулер ауруды дүрыс ба- 
лауға мүмкіндік тудырады.
Емі. Қүтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның 
адамға ауру жүқтыру қаупі зор.
И ммунитет. Қүтырған жануар іс жүзінде қайта қатарға қосылмайды, 
ауруға қарсы жасанды белсенді иммунитет тудырудың нрактикалық маңызы 
аса зор. Сонымен қагар иммунді қан сарысуы арқылы қүтырық вирусіне 
қарсы енжар иммунитет қалыптастыруға да болады.
Ит пен мысықты қүтырыққа қарсы егу үшін қойдың миынан даярланған 
құрғақ антирабикалық фенол вакцинаны қолданады (В.П. Назаров, 1957). 
Бірақ, бүл вакцинаның иммуногендік күші басқа жануарлар үшін әлсіз. Ауыл
174


шаруашылық малдарын, эсіресе сиырды егу үшін осы препараттың біршама 
жетілдірілген түрі АЗВИ антирабикалық тірі вакцинасы (К.Н.Бучнов) пайда- 
ланылады. Соңғы кезде өлтірілген өсінді вакциналар шығарьіла бастады.
Д ауалау және күресу ш аралары . Құтырықтың алдын алу үшін бірнеше 
мамандық иелерінің, түрғындар мен әкімшіліктің үйлестірілген іс әрекеттері 
қажет. Барлық иттерді есепке алып, иесіз жануарларды жою керек. Иттер жыл 
сайын егіліп, егілмеген иттерді аң аулауға, күзетке, мал бағуға пайдалануға 
тиым салынады. Аңшылық және орман шаруашылығының қызметкерлері жа- 
байы аңдардың арасында қүтырыққа күдік тудыратын жағдай болса, ветери- 
нария мекемелеріне хабарлауы, өлген жыртқыштардың өлексесін лаборато- 
рияға тексеруге жеткізуі керек. Жабайы жыртқыштардың санын реттеп, шек- 
тен тыс көбеюіне жол бермей, артығын атып отыру қажет. Дүниежүзілік ден- 
саулық сақтау үйымының деректеріне қарағанда түлкінің орналасу тығыз- 
дығы 10 км2 жерге 1-2-ден асырмай шектегенде құтырықтың таралуы тоқ- 
талады.
Үй жануарларын қүтырықтан сақтандыру шаралары оларға жабайы 
жыртқыштардың шабуына жол бермеу, күзет үшін егілген иттерді ғана пай- 
далану болып табылады. Қүтырықтың табиғи ошақтары бар жерде жайылым- 
да бағылатын ірі қараны бүл ауруға қарсы егу керек.
Қүтырық шыға қалған жағдайда сол жердегі елді мекен, жайылым, 
орман-тоғай немесе басқа табиғи қорық осы аурудан сау емес деп жария- 
ланады. Иггті далаға шығаруға, көрмесін үйымдастыруға, ит пен мысықгы бас- 
қа жаққа экетуге, жабайы ет қоректілерді үстап алуға жэне басқа жаққа 
әкетуге тиым салынады. Елді мекендегі үйлер мен қора-жайды түгелдей ара- 
лап, егілуге мүқтаж адамдарды анықтап, барлық жануарлардың есебін қайта 
алып, оларды бағып-күтудің ережелерін түсіндіру керек. Табиғи құтырық 
байқалғанда жылдың қай мезгілі болмасын жабайы жыртқыштарды атып, 
санын шектеу үшін шаралар қолданады. Қүтырған жануарларды жедел өлтір - 
іп, өлекселерін өртейді немесе тиісті ережелерге сэйкес жояды.
Қүтырғаны дүдэмэл жануарларды да жояды. Тек қана кісіні қапқан ит 
пен мысықты өлтірмей, оқшаулап 10 күн бойы ветеринариялық бақылауда 
үстайды. Егер бұл уақытга кісіні тістеген жануарда құтырықтың белгісі білін- 
бесе, оның тісі тиген адам сау деп есептелінеді.
Ауырған жануар түрған қора-жай 10% күйдіргіш натриймен, немесе 4% 
формальдегидпен дезинфекцияланады. Арзанқол күгу жабдықтары, жемшөп 
қалдықтары, көң өртелінеді. Жануарлардың бәлінділерімен ластанған топы- 
рақ құрғақ хлорлы экгіен араластырып, қопсытылады да, дезинфекциялаушы 
ерітінді қүйылады.
Аурудан сау емес мал отарлары мен табындары тұрақты бақылауда бол- 
ып күніне үш рет ветеринариялық тексеруден өтеді. Ауру жұқтыру қаупі бар 
бағалы жануарларды (таланған немесе ауру жануарлармен жанасқан) егуге 
рүқсат етіледі. Мүндай жануар 60 күн бойы оқшауланып, бақылауда болады. 
Ауру белгісі жоқ малды союға рүқсат етіледі. Ондай малды шаруашылықтың 
өзінде сойып, етін жалпы ережеге сэйкес пайдаланады. Клугникалық түрғыдан 
сау сиырдың сүті қайнатқаннан немесе пастерлегеннен соң пайдаланылады.
175


Құтырықтың 
шығуына байланысты енгізілген барлық шектеу шаралары ең 
соңғы ауырған жануар өлгеннен немесе сауыққаннан соң 2 ай өткеннен қейін 
алынады
Атаулар мен ұғымдар
Құтырық, Rabies, Rabies lyssa virus, Бабеш-Негри денешігі, антирабика- 
лық фенол вакцина, АЗВИ вакцинасы, өсінді вакциналар.
Бақылау сұрақтары
1. Aypyt a қагысты езекті мәселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, ~дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық-өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Гидрофобия деген не, ол қандай жануарларда байқалады?
'3. Адамды қапқан құтырған итке не істейді?
4. 
Антиробикалық вакциналармен ит пен мысықты, ауылшаруашылық 
жануарларын (сиыр, қой, ешкі, жылқы) құтырыққа қарсы қай жағдайда жэне 
қалай егеді?
Таисырма
1. 
Қой отарына жайылымда қасқыр шауьіп, екі қойды жарақаттап, 
отардагы итпен таласып жатқанда қасқырды қойшы мылтықпен атып әлтірді. 
Зертханалық тексеру кезінде қасқырдың құтырғандығы анықталады. Осы 
жағдайда шаруашылықта жэне бүкіл аудан көлемінде құтырыққа қарсы жүр- 
гізілетін шаралардың жоспарын жасап, оны іске асырудың қандай жолдары 
болатындығын түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет