түрлі ағзаларда домбығу мен қанталау (геморрагиялық дйатез) байқалады.
Аурудың нэтижесінде минерапьдық заттар белок жэне көмірсу алмасуы
бұзылады, орталық жүйке жүйесі мен теріде ацетилхолин мен гистаминнің
мөлшсрі өзгереді де, дене қышынады (гиперестезия). Дерт процесі тыныс
жэне ас қорыту жүйесін қамтығанда өқпе домбығып, пневмония байқалады,
іш өтеді.
Өтуі мен симптомдары.
Инкубациялық кезең негізінен 1-8 күн, кейде 3
аптаға дейін созылады. Оның ұзақтығы жануардың түріне,
жасына жэне та-
биғи төзімділігіне жэне вирустың уыттылығы мен енген жеріне байланысты.
Ауру жіті өтеді.
Шошқада аурудың клиникалық белгілері ең алдымен жасына байланыс-
ты. Ересек шошқада негізінен зілсіз өтеді, 1-3 күн бойы аздап ыстығы
көтеріледі, жабырқау тартып, тэбеті бұзылады, кейде құсады. Жануардың
көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда ересек шошқалардың ауруы
күшті болуы да мүмкін. Онда атапған белгілерімен қоса мұрынынан сора
ағып, жөтел, ентіге дем алу, теңселіп жүру,
сілекей ағу, аяғы, жүтқыншағы
мен көмейі салдану байқалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді.
Бордақыдағы үлкейген торайларда, егер тұмаудың вирусы, салмонеллалар
мен пастереллалар қабаттасса, өкпесі қабыну жиі байқалады. Мегежіндердің
сүті қайтып, жаппай іш тастайды, не өлі туады. Ауру еметін және енесінен
бөлінген торайларда өте зілді өтеді.
Ауруды өлі тиген, эпилепсиялық дел-сал жэне аралас түрлерге бөледі.
Жаңа туған торайларда 10 күнге дейін ауру менингоэнцефалиттің белгілері-
мен өтеді.
Ауырған торайдың жылжуға, емуге жэне дыбыс беруге шамасы
келмейді. Қалшылдап, сілекейі ағып, жүтқыншағы сіреседі. Бір күннің ішінде
өліп қачады.10 күннен 4 айға дейінгі торайларда аурудың өлі тиген және
менинго-энцефалит түрлері аралас өтеді. Бас кезінде дененің ыстығы 41°С
жэне одан да жоғары көтеріледі, жабырқау тартып, әлсіреп қүсады, шөлдейді.
Кейінірек орталық жүйке жүйесінің зақымданған белгілері байқапып, не қозу
(эпилепсия), ңе тежеу (дел-сал) процестері басым болады.
Эпилепсиялыц түрі
кезінде торай алға үмтылып бір жерді айнала береді.
Мойын жэне жақ еттері құрысып, тістерін шықырлатып, омыртқасы иіледі.
Қайта-қайта сереңдеп, әбден сілесі қүриды. Вирус аңқа мен жүтқыншақта
көбейсе
ларингофарингит пайда болып, танаудан сора ағады, шыңғырған
дауысы қырылдап шығады немесе дыбысы мүлдем шықпайды (афония). Көзі
мүлдем көрмей қапады, тұла бойының бүлшық еттері салданады.
Дел-сал түрі
кезінде жабырқау тартып, басын салбыратып, танауымен
жер тіреп, ебдейсіз түрады. Сирақтарын бауырына қарай тартып, жүргенде
тәлтіректейді. Жатқан сиқы ебдейсіз болады. Менингоэнцефалиттен тыс
жүрегі дүрсілдеп, бүйірімен дем апады. Соңғы кезеңде өкпенің домбығуы мен
қабынуы байқаиады. Эпилепсиялық жэне дел-сал түрінің екеуінің де ұзақ-
тығы бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады.
Кейбір торайлар ыстығы
көтеріліп, қүсып, ішінен қан кетіп, тез арада өліп кетеді (ішектегі түрі). Ере-
сек шошқалардай торайларда да орталық жүйке жүйесі зақымданбай өкпедегі
179
түрі қездеседі. Өлг тию белгілері қауырт «рбіп, жо± ар* ы іыныс жолдары
қабынып, өкпенің домбығуы мен қабыну ынан жануар 1 -2 күн ішінде өледі.
Кейде торайларда аурудың өшкін түрі кездеседі. Жануар элсіреп,
маужырап, бей-жай күйге түсіп, жөтеле береді. Аурудың ұзақтығы 7 күнге
дейін.
13-сурет. Ауески ауруына шалдыщан шоища.
Торайлардың ауруға шаидығуы - 70-100%, ал өлім көрсеткіші :2 апталық
кезінде 80-100 %, одан ересектерінде 40-80%. Басқа жануарлардан шошқаның
ерекшелігі олардың денесі қышынбайды. Басқа жануарларда вирустын ерек-
ше нейротропизмі нәтижесінде орталық жүйке жүйесі қатты зақымданып, жа-
нуар желігіп, қалшылдап, салданады. Сиырда
бастапқыда дененің қызуы
42°С-қа жетеді, күйіс қайыруын қойып, денесі, эсіресе басы қатты қышынады.
Ауырған мал селқостанып, қышыған жерін жалап үйкей береді. Кейіннен ты-
нышсызданып, шошынып, мөңірейді, жүлқынады, бірақ өшпенділігі болмай-
ды. Кейде жақ не мойын еттері қүрысады. Несеп шығаруға ыңғайлана береді,
сілекейі ағып, тер щығады, денесі дірілдейді. Қанын шығара үйкеген, қышы-
ған жерлері домбығады. Жануар қалжырап, жатып қалады, ауырғанына 1-2
күн
болғанда, кейде 3-4 күн өткен соң барып өледі. Кейде денесі қышын-
байды, бірақ, сілекей мен тер көп ағады, таз қарынның атониясы байқалады,
шөлдеп, бірде тынышсызданып, бірде мелшиіп қалады. Әлсіреп барып, өледі.
Қой мен ешкіде
аурудың белгілері сиырдағыдай. О дарда: қышыну күш-
тірек болады да, жалпы делебесі қозуы бәсең болады. Ауырған мал Ь З күнде
өледі.
Терісі багалы аңдар, ит пен мысъщ
аурудың
басқы кезінде мінезі бей-
жай болып, тамақ жемейді, кейіннен көз қарасында үрей пайда болып, маза-
сызданып, денесі қышынады. Тек қана күзен мен бүлғында қышыну байқал-
майды, көбінде мелшиіп түрады. Жануар ыңырсып, тез елігетін болып, мінез-
құлқы құтырықтың клиникасын еске түсіреді, бірақ та өшпенділігі болмайды.
180