Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологоанатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет123/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Патологоанатомиялық өзгерістер. 
Шошқа, күзен және бүлғыннан бас- 
қа өлген жануарлардың денесінде үйкелген жерлерінің жүні түсіп, терісі 
бүлінген, тері астындағы шел жалқақтанып, қанталаған. Жоғарғы тыныс 
жолдарының кілегейлі қабықтары домбыққан, толық қанды. Ет қоректілердің 
қарны көп жағдайда желінбейтін заттармен аралас қоректік заттарға толы 
болады. Қарын мен ішектің кілегейлі қабығы гиперемиялы қанталаған. Үл- 
першек ағзаларда қан іркіліп, эпикардтың асты жолақтанып қанталаған, қуық 
несепке толып, кілегейлі қабығы қанталаған. Ми қабығының қан тамырлары 
білеуленіп, ми мен оның қабығы домбыққан.
Шошқада, негізінен, өліеттеніп ойылған тонзилит жэне өкпенің домбы- 
ғуы қатарлы бронхопневмония ошақтары кездеседі. Әр түрлі үлпершек ағза- 
ларда, лимфалық үлпаларда, оның ішінде жұтқыншақ сөл түйінінде жекелеген 
немесе көптеген бозғылт-сары үсақ өліеттенген ошақтар кездеседі.
Екі айға дейінгі торайларда эдетте ми мен жұлын қабынып, ми домбы- 
ғады, ал оның бүйіріндегі қарыншаларында едәуір сүйық зат жиналады.
Балау. 
Алдын-ала диагнозды індеттанулық және клиникалық белгілері, 
патанатомиялық тексерудің нэтижесі арқылы қояды. Аурудың басты белгісі -
қышынып, терінің үйкелуі. Шошқа қышынбайды. Торайларда энцефалиттің 
белгілері, ал ересек шошқаларда түмауратқан пневмонияның белгілері басым 
болады. Иттер мен мысықтардың арасында болған ауру мен өлімді, кеміруші- 
лердің жаппай қырылуын ескеру қажет.
Түбегейлі диагноз зертханада міндетті түрде үй қояны мен жас мысыққа 
қойылатын биосынаманың нәтижесі бойынша, бактериологиялық тексерудің 
нэтижесін ескере отырып қойылады. Зертханаға ұсақ жануардың өлексесін 
түтастай, ал ірі малдың басын немесе миын, ішкі ағзаларының (шошқаның 
міндетті түрде өкпесінің) кесінділерін жэне сөл түйіндерін жібереді. Жаздың 
күні материалды 50% глицеринмен немесе ас түзының қаныққан ерітіндісімен 
консервілейді. М атериалдан алынған суспензияны зертханалы к жануарға
181


бұлшық етіне жібергенде 3-5 күң өткенде елігіп, қасынып Ауески ауруына тэн 
белгілер пайда болады.
Ауруды балау үшін серологиялық эдісгерді де қолдану±а болады. Олар- 
дың ішінде үй қоянында, торайдың бүйрек торшаларының өсіндісінде вирус- 
ты бейтараптау реакциясын, сонымен қатар комплементті байланыстыру, 
диффузиялық преципитация, қосалқы гемаглютинация жэне иммунофлуорес- 
ценция реакциялары қойылады. Бүл эдістер бойынша негізінен бүрын болған 
инфекцияның нәтижесінде пайда болған антиденелер айқындалып, ретро- 
спективалық (өткендегі) диагноз қою арқылы вирусты алып жүруші жануар- 
лар анықталады жэне Ауески ауруы бойынша індеттік жағдай туралы мэлі- 
меттер толықтырылады.
Ажыратып бстау.
Барлық түліктерде қүтырықтан, шошқада обадан, 
сальмонеллез, колибактериоз (домбығу ауруы), листериоз, түмау, Тешен 
ауруы, пастереллез, ас түзынан улану, авитаминоз, эр түрлі менингиттер мен 
энцефалиттен ажырату қажет.
Қүтырық кезінде ауырған жануар адамға өшпенділік білдіреді. Негізінен 
жағы салданып, ауру кең таралмайды. Оба кезінде тұла бойы қанталап, өлім 
көрсеткіші 100%-ға дейін жетеді. Барлық жүқпалы жэне жүқпайтын ауру- 
дардан кешенді індеттанулық жэне зертханадық талдау, оның ішінде жем- 
шөпті де тексеру арқылы ажьіратылады. Түпкілікті диагноз барлық жағдайда 
биосынаманың нәтижесі бойынша қойылады.
Емі. 
Өзіне тән емдік дәрмек ретінде Ауески ауруына қарсы гиперим- 
мунді сарысу мен иммунді глобулин қолданылады. Емдеу уақыттылы, жануар 
ауыра бастағанда жүргізілсе ғана нәтижелі болады. Қосалқы микробтарды 
тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер жэне симптоматикалық ем 
үшін витаминдер қолданылады.
15-сурет. Ауески ауруьін қолдан жщтырудан өлген қоянның санындагы цажалым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет