Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет121/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Індеттік ерекшеліктері. 
Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатын- 
дар: шошқа, ит, мысық жэне синантропты кемірушілер. Сиреқ ауыратын жа- 
нуарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар. Жүмыр түяқтылар мен приматтар 
төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей жағдайда адам да 
ауырады. Барлық жануарлардың жас төлдерінің, эсіресе торайдардын ересек- 
терімен салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары.
Ауру коздырушысының бастауы 
р_
ауырған жануарлар. Олар вирусты 
түмсығынан, көзінен, қынаптан аққан сорамен,' несеппен жэне сүтпен бірге 
бөліп шығарады. Бүл ауру сиыр, қой, ешкі, ит, мысықта өте ауыр өтеді Де, 
әдетте ауырған жануар өледі. Сондықтан да олардың і арасында вирус алып 
жүру орын алмайды да, індеттің қаулауы одан ары өрбімей тез өліп'қалады. 
Шошқа мен синантропты кемірушілер жеңіл ауырады. Жазылып кеткеннек 
соң ұзақ уақыт бойы шошқа 2-3 жылға дейін, кемірушілер бірнеше ай бойы 
вирус алып жүреді. Сондықтан олардың инфекция қоздырушысының бастауы 
ретінде ауру таратудағы маңызы зор.
Ауески ауруының вирусын жұқтыру факторы қызметін ластанған жем, 
төсеніш, қора-жай, ет, өлексе атқарады. Ауру таратуда'эсіресе тышқандар мен 
егеуқұйрықтар басты орын алады. Олардың арасында ауру індет ретінде та- 
райды да, табиғаттағы бүл індет ошағының негізгі қорламасы болып табы- 
лады.
Ет қоректі жануарлар мен шошқаға ауру негізінен алимеңтарлық жолмен 
кемірушілерді жэне олардың өлекселерін жегенде, ластанған жем мен судан, 
қасапхананың тастандыларынан жүғады. Еметін торайларға негізінен меге- 
жіннің сүтімен беріледі. Бірге түрған жануарлардың бір-біріне вирус жанас- 
қан кезде жарақаттанған тері немесе кілегейлі қабықтар арқылы берілуі мүм- 
кін. Күйіс қайыратын жануарлар алиментарлык жолмен жүқтыруға төзімді де, 
парентаральдық жұқтыруға өте сезімтал. Сондықтан бұл малдарға ауру 
негізінен қан сорғыш жәндіктер арқылы беріледі.
Шошқа фермаларында ауру негізінен шеттен әкелінген вирус алып жү- 
руші шошқалармен немесе Ауески ауруынан өлген кемірушілердің өлексе-
177


лерімен ластанған жеммен, зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтары- 
мен келеді. Ауру қоздырушысын көрші сау емес шаруашылықтардан шұбы- 
рып келетін кемірушілер де экелуі мүмкін.
Ірі шаруашылықтарда ауру эдетте індет ретінде жаппай білінеді, оның 
себептері: шошқаның үздіксіз сапырылыстырылып ферма ішінде орын ауыс- 
тыруы жэне вирустың жұғымталдығы, ұсақ шаруашылықтарда ауруға 2-3 
ұядағы торайлар ғана шалдығып, тез тоқтап қалады. Ірі бордақылайтын жэне 
торай өсіретін шаруашылықтарда жануарлар үздіксіз келіп жатқандықтан ін- 
деттің қаулауы үздіксіз болып, ауру мал басын жаппай қамтиды. 3-4 апталық 
торайларда ауру негізінен зілді өтеді де, әдетте өліммен тынады. Одан ересек 
торайларда ауру зілді өткенімен көбі тірі қалады. Ересек торайлар мен үлкен 
шошқалар жеңіл, әдетте байқаусыз ауырады да, тек қана серологиялық зерт- 
теу арқылы ғана анықталды. Ауырған шошқалармен жанасқан басқа мал тү- 
ліктері де ауруға шалдығуы мүмкін.
Ауески ауруы шыққан шошқа шаруашылығы, егер уақыттылы қатаң са- 
уықтыру шаралары жүргізілмесе, бүл ауру түрақтанып, оның энзоотиялық 
ошағы пайда болады. Іңдет ошағының тұрақты болу себептері: үзаққа созы- 
латын вирус алып жүру, табынды үздіксіз жас мегежіндермен толықтыру, ша- 
руашылықтың өзінде өсірілген төлдің ауруға бейім жануарлардың ісанын 
молайтып отыруы. Совдықтан бір басталған індет шаруашылықта үздік-соз- 
дық бірнеше рет қайталанып, талай жылдарға созылуы мүмкін.
Кемірушілер арасында Ауески ауруы бірнеше қайталайтын ұзаққа созы- 
латын індет ретінде байқалады. Әдетте шошқада болатын індеттің алдында 
тышқандар мен егеуқүйрықтар жаппай қырылады, жэне сон ы ң , салдарынан 
болған иттер мен мысықтар арасында ауру байқалады.
Терісі бағалы аңдардың арасында Ауески ауруы зарарсыздандырылмаған 
шошқаның қасапқанадағы тастандысы арқылы аз уақыт қана қаулайды. Ал 
сиыр мен жылқыда бірен-саран малдың ауыруымен шектеледі.
Ауески ауруының қаулауына маусымдылық тэн болмаса да, күздің қысқа 
ауысқан кезінде жиірек байқалады. Оның себебі бүл уақытта кемірушілердің 
мал қораларына қарай аууы, жануарлар күтімінің нашарлауы, ветеринария- 
лық-санитариялық ахуалдың төмендеуі орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет