Оқулық. Алматы, 518 бет


Паталоі иялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет177/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Паталоі иялық-анатомиялық өзгерістер. 
Егер қарасанға балау тірі 
кезінде қойылса, қоздырушыны таратпау үшін өлексені сою±а болмайды. 
Өлексе газдармен тырсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық 
ағады. Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай 
бүлшық еітерді тілгенде түсі қара қошқылданып, газ көпіршіктері көрінеді, 
күйіея қоңырсық иіс сезіледі. Маңындағы сөл түйіндері үлғайып, тілгенде 
қара-қошқыл түсті, қанталаған ошақтары болады. Қан қара-қошқылданып 
үйиды. Көкірек жэне құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-сарғыш түс- 
ті күңгірт сұйық іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп
болбырайды. Бауыры үлғайып, өліеттенген телімдер пайда болып, газ көпір- 
шіктері байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де кездеседі. Сірі қабық- 
тары эдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда болады.
Ішкі ағзаларындағы өзгерістер үнемі бірдей бола бермейді, ал кэдімгідей 
емес түрінде оншама біліне қоймауы да мүмкін.
Балау 
қою үшін клиникалық-індеттанулық деректерді пайдапанып, па- 
тологоанатомиялық, бактериологиялық, биологиялық зерттеулердің нәти- 
желерін негізге алады. Зертханаға экссудат сүйығын, зақымданған бүлшық ет, 
бауыр, көкбауыр кесінділерін, жүректегі қанды жібереді. Материалды мал 
өлген соң 2-3 сағ. кешіктірмей алу керек. Қажет болған жағдайда 30-40% гли- 
церинмен консервілейді.
Зертханада микроскопия жасап, бактериологиялық зерттеулер жүргізе- 
ді. Зақымданған ағзалардың суспензиясын немесе бір күндік өсіндіні теңіз 
тышқандарына жүқтырады. Материапда қарасанның қоздырушысы болса те- 
ңіз тышқаны 18-48 сағ. өледі. Өлексені сойып көргенде ағзапарында ауруға 
тэн өзгерістер байқалады, ап ағзалардан жэне бауырдан сүйкеп апынған жа- 
ғындыларда жеке жэне қосарланып жатқан түйіршікті немесе біртұтас боял- 
ған ірі таяқшаларды көруге болады. Осы арқылы жағындыда тізбек түзіп 
жататын басқа ауасыбағасыз микробтардан ажыратуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет