Оқулық. Алматы, 518 бет


Баяу типті сезімталдық (БТС)



Pdf көрінісі
бет24/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Баяу типті сезімталдық (БТС). 
Сезімталдықтың бұл түрінің ЖТС-пен 
салыстырғандағы айырмашылығы - ол антидененің эсерінен туындамайды 
жэне енжар жолмен қан сарысуы арқылы берілмейді. Баяу типті сезімтал- 
данған организмнің терісі ішіне жіберілген антиген орны шектелген, яғни 
дененің антиген енгізілген жерінде, қабыну реакциясын тудырады. Оған 
мысал - туберкулин реакциясы. Бұл реакция баяу өрбнді 6-8 сағаттан 
с р ң
басталып, шегіне 24-48 сағат өткен соң жетеді.
БТС - жасушалардың қатысуымен болатын нағыз жасушалык реакция. 
Оны тудыратын бетінде тиісті рецепторы бар Т-лимфоцит. Бүл рецептор 
себепкер антигенмен сэйкес болады да, оны сол антигенге қарсы антидене 
ретінде қарастырса да болады. Рецептор мен антнген әрекеттескенде жасу- 
шалық реакцияның медиаторы болып табылатын гуморальдік факторлар
32


бөлініп шығады. Бұл медиаторлардың әсерімен антигенді ыдырату процесіне 
макрофагтар тартылады. Іске қосылған макрофагтардың көлемі ұлғайып, 
фагоциттік жэне ферменттік белсенділігі артады. Сонымен БТС-қа монону- 
клеарлық торшалардың екі түрі: Т-эффекторлар мен макрофагтар қатысады. 
Т-эффектор беткі рецепторлары арқылы себепкер антигенге тэн телімді 
болады да, макрофагтардың антигенге тэн өзгешелігі болмайды. Макрофагтар 
Т-лимфоциттер арқылы ғана іске қосылып антигенді ыдыратып, аластауға 
қатысады.
БТС жағдайын басқа организмге сезімталданған жануардың лимфоидтық 
жасушаларын енгізу арқылы көшіруге болады. Мұндай иммундік жағдайды 
көшіру 
адопты иммунитет
деп аталады (латынша 
adopt -
қабылдау). Адопты 
иммунитетті қандағы лимфоциттер, көк бауыр мен сөл түйіндері жасушалары 
арқылы қалыптастыруға болады.
БТС туберкулин реакциясы сияқты жергілікті реакция түрінде ғана емес 
бүкіл организмнің жалпы жүйелі реакциясы ретінде де білінеді. Бұндай 
жағдай себепкер антигенді көк тамыр ішіне жібергенде лихорадка, моноцито- 
пения, терінің бөртуі арқылы байқалады. Аллергиялық реакциялардың ара- 
сында БТС телімділігі ең жоғары түрі. Сондықтан оны бруцеллез, туберкулез, 
маңқа, т.б. жүқпалы ауруларды балау үшін пайдаланады. Негізінен аллергенді 
тері ішіне, конъюнктиваға, тері астына жібереді. Айрықша жағдайда аллер- 
генді көк тамырға жібереді де, организм реакциясын дененің температурасын 
өлшеу арқылы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет