Оқулық. Алматы, 518 бет


Вирустық трансмиссивті гастроэнтерит



Pdf көрінісі
бет307/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
12.5. Вирустық трансмиссивті гастроэнтерит
Шошқаның вирустық гастроэнтериті 
(Gastroenterits infectiosa suum,
вирусный гастроэнтерит свиней, ВГЭС) - аса жұғымтал катарлы-геморрагия- 
лық гастроэнтерит, құсу, іші өту, сусызданумен ерекшеленетІн, эсіресе, 10 
күнге дейінгі торайларды көп шығынға үшырататың ауру.
Тарихи деректер. 
Бүл ауруды алғаш 1946 ж. АҚИІ ғалымдары Доиль 
мен Хатчингс шошқанын трансмиссивті (яғни берілетін деген мағынада) 
вирустық гастроэнтериті деген атпен анықтап, жазды. Кейіннен оның 1956 ж. 
Жапонияда, 1957 ж. Англия мен Данияда, одан кейінгі жылдары барлық 
Батыс Европа елдерінде кездесетіні анықталды. Аурудың көптеген елдерге тез 
тарапуының негізгі себебі балау жэне дауалау үшін қажетті биодэрмек-тердің 
жеткіліксіздігі. Ауру, эсіресе, шошқаны өнеркэсіптік негізде қарқынды эдіс- 
пен өсіретін елдерде тез тарады.
Қоздырушысы 
-
Transmissible gastroenteritis viriis
 
күрамында 
РНҚ 
бар 
Coronaviridae
 
түқымдастығының 
Coronavirus
 
туыстастығына жататын поли- 
морфты вирус. Көлемі 75-120 нм, вирионның сыртында түйреуіштің басы 
сияқты орналасқан қылтанақгары бар, олардың орналасуы сыртынан қара- 
ғанда күннің айналасында орналасқан тэжі (корона) сияқты болып көрінеді,
389


сол себепті бұл топтағы вирустар коронавирустар деп аталған. Вирус эпите- 
лийге бейім келеді, эсіресе, аш ішектің кілегейлі қабығында, өкпе ұлпасында 
жақсы өсіп өнеді. Вирус сондай-ақ, торша өсінділерінде ,тез ! өсіп, жылдам 
көндігеді. Тәжірибе жүзінде вирусты танау қуысына немесе қорек жолымен 
беру арқылы шошқа, итті ауыртуға болады. Бапау мақсатында биосынаманы 
жас торайларға қояды. Зертханапық жануарлар ауырмайды. Вирус антигендігі 
жөнінен бөлінбейді, біртұтас. Гастроэнтериттің вирусы сиырдың диареясы 
мен Ауески ауруының вирустарымен интерференцияға түседі. Аурудан айық- 
қан шошқаның организмінде агглютинин, преципитин, вирус бейтараптаушы 
антиденелерді анықтауға болады.
Төзімділігі. 
Вирус эфир, хлороформ, натрийдін дезоксихолатына сезім- 
тал, ал трипсин, өт қышқылдарына, pH 3,0 пен 11,0 арапығындағы ерітін- 
ділерде төзімді келеді. Төменгі температурада жақсы сақтапады. Мысалы, - 
20°С-та 1,5 жыл, ал -28°С-та 3 жьілға дейін күшін жоймайды. Жарық пен 
ультракүлгін сэулеге аса сезімтал, сондықтан сыртқы ортаның қалыпты жағ- 
дайында тез өледі. 56°С қыздырғанда 30 минутте,' күн көзіндегі сүйық нэжісте 
6 сағатта, көлеңкеде 3 күңде күшін жоғаптады. Зардапты материалда ауру 
қоздырушылық қасиеті 37°С жағдайында 4 күнде, an бөлме жағдайында 45 
күнде жойылады. Карбол кышкылының 0,5%, 0,5% формальдегид, 2% күй- 
діргіш натрий ерітінділері вирусты 30 минутте өлтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет