Оқулық. Алматы, 518 бет


Мал шаруашылығы қалдықтарын зарарсыздандьіру



Pdf көрінісі
бет70/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

7.3. Мал шаруашылығы қалдықтарын зарарсыздандьіру
және пайдаға асыру
Мал шаруашылығы қалдықтарын залалсыздандыру және пайдаға асыру- 
дың аса зор санитариялық, экологиялық жэне экономикалық маңызы бар. 10 
мың тайынша бордақылайтьін бір кешен 100 мьщ гұр± ьшы бар қаііанын тұр- 
мыстық қалдығына пара-пар қалдық береді. Мал шаруашылығы қалдықтары- 
ның ішінде басты орынды көң алады. Ол инфекция қоздырушьшарының ең 
маңызды тарату факторы болып табылады, өйткені онда микробтардың 
сақталуына жағдай өте қолайлы.
Малдың көңінде болатын микробтар өте көп және алуан түрлі. Сиыр 
нәжісінің 16%-дайы бактериялардың үлесіне тиеді. Бұл 1 грамға шаққанда 40 
млрд микробқа дейін жетеді. Көңде кейбір зардапты саңырауқұлақтар. мы- 
салы дерматомикоздардың қоздырушылары, өсіп-өне алады.
Туберкулезбен ауырған бір сиыр нэжісімен тэулігіне 37 миллионға дейін 
туберкулез таяқшаларын бөліп шығарады. Олар көңде тіршілік қабілетін 7 ай- 
дан артық, ал уыттылығын 6 айға дейін сақтайды. Көңде бруцеллалар ;мен 
сальмонеллалар 4 айға дейін, пастереллалар 2,5 айға дейін, вирустар 11 айға 
дейін сақталады.
Көң өсімдіктерге зиянды фитопатогенді микробтардың да берілу фак- 
торы болуы мүмкін. Өйткені малдың 'ішек-қарнынан өткен кезде микробтар 
тіршілік қасиетін сақтап қалады. Көңде арам шөптердің дәні де сақталады; 
олар малдың ас қорыту мүшелерінен өну қабілетін жоймай өтеді. Осы атал- 
ған себептердің барлығы көнді егістікке төгерден бұрын оны дүрыстап залал- 
сыздандыру керек екенін көрсетеді.
Ірі мал жэне қүс шаруашылықтарында, ет комбинаттары мен қасапхана- 
ларда, малдан алынған шикізаттарды өңдейтін мекемелерде инкубаторлық 
станциялар мен басқа да қосалқы өндіріс орындарында әрқашан мал шаруа- 
шылығы қалдықтары пайда болады. Олардан жоғары калориялы, қүнарлы, 
белокты құс пен шошқа жейтін жем, өсімдіктер үшін тыңайтқыш дайындауға 
болады.
Барлық технологиялық өңдеу сатыларын қадағалайтын ветеринариялық- 
санитариялық шараларды мұқият орындай отырьіп, қасапхана тастандыларын, 
жануарлардың өлекселерін, теріні алғаш өңдегендегі қиқымдары мён шелін, 
кемістігі бар жұмыртқаларды, инкубация кезінде өлген балапандарды жэне 
т.б. мал шаруашылығы қалдықтарын пайдаға асыруға болады.’ Бірақ та бүл 
қалд ы қтарда ш икі кезінде зардап ты м икробтар, оны ң іш інде аса қауіпті
95


жұқпалы аурулардың қоздырушылары, болуы мүмкін. Сондықтан, олар 
адамдар мен жануарлар үшін қауіпті болып табылады. Жұқпалы аурулардан 
өлген малдың өлексесі ағзаларында ауруды қоздырған микробтар ұзақ уақыт 
бойы тіршілік қабілетін жоймай, зардаптылық қасиетін сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет