Оқулық. Алматы, 518 бет


Аэрозольдік дезинфекция әдісі



Pdf көрінісі
бет84/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Аэрозольдік дезинфекция әдісі. 
Аэрозоль (грекше 
аег -
ауа, лаг. 
solutio
-
ерітінді) дисперсиялық газды ортадан және онда қалқып жүретін дисперсия- 
лық фаза аталатын көлемі 0,01-100 мкм ұсақ бөлшектерден түратын жүйе. 
Егер дисперсиялық фаза құрғақ түйіршіктерден тұрса, ондай аэрозоль түтін 
болып есептеледі, ал ұсақ бөлшектер сұйық тамшылары болса, ондай аэро- 
золь тұман болып саналады.
Аэрозольдік дезинфекция өте қолайлы, өнімді жэне үнемді болғандықтан 
кең қолдану тапты. Бүл әдіспен зарарсыздандырғанда дезинфектанттар 3-5 есе 
аз жүмсалады. Аэрозольдік дезинфекцияға төмендегі жағдайлар эсер етеді.
114


1. Аэрозольдік бөлшектердің көлемі. Олар көлеміне қарай дисперсия-
лық немесе шөкпейтін (мөлшері 0,1-5 мкм) жэне шөгетін (мөлшері 5-25 мкм)
болып бөлінеді. Ветеринарияда қолданылатын аэрозоль генераторларының
көпшілігі 10-15 мкм аэрозоль береді. Аэрозоль неғұрлым ұсақ болса, соғүр-
лым баяу шөгеді де дезинфекциялық эсері күшті болады.
2. Термофорез жэне фотофорез құбылыстары. Бұлар аэрозоль бөлшек-
терінің жылу жэне жарық бөлетін заттардан кері қарай тебілуі. Термоферездің
эсері фотофорезден күштірек болады. Аэрозольмен эсер еткенде жылу (ба-
тарея, пеш) жэне жарық көздері ойдағьщай зарарсызданбайды.
3. Аэрозольмен дезинфекцияланатын қора-жай саңылаусыз , жақсылап 
бітеліп, жабылуы керек.
4. Аэрозольдік дезинфекция жүргізгенде бөлмедегі ауаның температура- 
сы 15° С-тен төмен болмауы керек, ең тиімдісі 17-22°С. Ауаның ылғалды- 
лығы 60-95% болуы керек. Ылғалдылық жоғарылаған сайын зарарсыздандыру 
жақсы нәтиже береді.
Аэрозольдік генераторлар. 
Әр түрлі ерітіндіні аэрозольге айналдыру 
үшін негізінен өте жылдам ауа ағысы пайдаланылады. Ауа үрлейтін компрес- 
сор 0,2-0,5 МПа мөлшеріндегі қысыммен ауа ағысын тудырып, аэрозоль 
генераторында ауа мен сұйықтық араласқан кезде сұйықтық өте ұсақ там- 
шыларға айналып, ауа ағысымен бірге қозғалысқа келеді. Аэрозоль генерато- 
рына екі трубамен жеке-жеке келген сұйык пен ауа одан шыққанда бір-бірі- 
мен толық араласып, тұманға айналады. Қазіргі өнеркэсіп шығарып жатқан 
АГ-УД-2, ТАН, ПАК, ПВАН т. б. аэрозоль генераторларынан баска бұлардан 
гөрі жетілдірілген көптеген аэрозоль бүріккіштерін эр түрлі ұсақ кэсіпорын- 
дар мен жеке шеберханалар шығара бастады.
АГ-УД-2 аэрозолъдік генераторы
өсімдіктерді қ о р ға ^ а арналған, ветери- 
нария практикасында тиімсіздігіне қарамастан; көп жерлерде элі күнге дейін 
қолданылып келеді. Іштен жанатын УД-моторы, ауа үрлейтін түтігі бар, авто- 
мобиль немесе трактор тіркемесімен алып жүреді. Дезинфекция жасаған кезде 
қораға кіргізуге болмайды, тек қана қораның есігінен аэрозоль ағысын қора- 
ның ішіне бағыттайды. Аэрозоль алуға ауа ағысы ғана емес жанған бензиннің 
қызуымен ерітіндінің булануы да әсер етеді. Сондықтан бұл генератормен 
зарарсыздандырылғанда дезинфектант ретінде негізінен формальдегин қолда- 
нылады.
ТАН үштамасы
(турбулярная аэрозольная насадка) - камералы аэро- 
зольді генератор болып табылады. Бұл аэрозольдік кешенге автомакстың мо- 
нометр бүралатын орнына орнатылатын айқыш, оған қосылатын сұйықтық 
жэне ауа келетін шлангалар кіреді. Сұйықтық ұштаманың камерасында ауа- 
мен араласып, тозаңдатылады. Бұл аспапты зарарсыздандырумен қатар емдеу 
жэне дауалау шараларын жүргізу үшін де пайдалануға болады. ТАН ұштама- 
сының негізінде жинақы аэрозольді кешен ПАК (порта-тивный аэрозольный 
комплект) жасалынған. Ол ПАК-1 және ПАК-2 аталатын екі түрлі болады. 
ПАК-1 орталықтандырылған қысыммен ауа беретін жүйесі жоқ шағын ша- 
руашылықтарға арналған. ПАК-2 орталықтандырылған қысыммен ауа беретін 
желісі бар үлкен шаруашылықтарға арналған.
115


П ВАН (пневматическая вихревая аэрозолъная насадка)
- пневматикалық 
құйынды аэрозоль ұштамасы ТАН ұштамасы тәрізді дезинфекция жасауға 
жэне емдік шаралар жүргізугё арналған. Реттеуші тётігі арқылы бүркілетін 
аэрозоль тозаңының екпіні мен мөлшерін тиісті шамаға реттеуге болады.
ДАГ( дискілі аэризиль генераторы)
ауа а*ысының қуатына ғана емес
орта-дан тепкіш күштің эсеріне негізделген. Электр моторының күшімен 
айнала-тын тозаңдатқыш дискілердің бетінде сұйықтық жұқа қабықтай болып 
дискі-мен бірге айналады да, ортадан тепкіш күштің әсёрімен үлкен 
жылдамдықпен бүркіледі. Бүл генератордың көмегімен негізінен аэрозольмен 
вакциналау іске асырылады.
САГ (струйный аэрозолъный генератор)
- шапшымалы аэрозоль генера- 
торы вакциналау үшін қолданылаіьш аспаптардың ішіндёгі ең бір қолайлысы 
болып табылады. Біртіндеп жетілдірілген САГ-1, САГ-2, САГ-3, т.т. қондыр- 
ғылар шығарылады жэне элі де жетілдіріле түсуде. Олардың бэрі де ауа ком- 
прессорының көмегімен жүмыс атқарады. Қарама-қарсы орналасқан екі аэро- 
зольдік үштамадан шыққан аэрозоль ағыстары бір-бірімен соғылысып вакци- 
наның тозаңдануын күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет