Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет86/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
7.5. Дезинсекция
i
Дезинсекция (французша 
des
- жоямын, латынша 
insectum
- жэндік) -
сыртқы ортадағы зиянды жәндіктерді жою. Бұл терминді ұсынып, ғылым мен 
өмірге енгізген академик Н.Ф.Гамалея (1910) болатын. Ол Петербург қала- 
сында түнеме үйлерінде битке қарсы шаралар жүргізіп, сол арқылы бөртпе 
жэне қайталама сүзекті жояды.
Табиғатта миллионға жуық жәндіктер болса солардың 1%-ға жуығы ғана 
зиянкес тоғышарлар қатарына жатады. Кейбір жәндіктер оқыра, пысқырық, 
эстроз, гастрофилез, симулидетоксикоз сияқты аурулардың қоздыруіпылары 
болса, енді бір тобы малдың қанын сорып, мазасын кетіреді. Оларға шыбын, 
шіркей, маса, сона, бит, бүрге жатады. Бүлар малдың денесін тікелей зақым- 
дап қана қоймай, көптеген ауру қоздырушы микробтарды: вирустарды, бак- 
терияларды, микоплазмаларды жэне тағы басқаларды тасымалдаушы қызме- 
тің де атқарады. Сондықтанда зиянды жэндіктермен күрес жүргізу ветери- 
нариялық-санитарияның басты мақсаттарының бірі болып табылады. Мал 
фермаларында зиянды жәндіктермен, әсіресе, шыбын жэне тарақандармен 
күресудің ең тиімді жолы - мал қоралары мен оның айналасында тазалық 
сақтап, санитариялық ережелерді бұлжытпай орындау. Қоралар мен мал 
ұстайтын орындарды көңнен уақтылы тазалап, малдың басқа да қалдықтарын 
дұрыс зарарсыздандыру керек. Мұнда ең бір көңіл аударатын жәйт - осы 
жэндіктердің жүмыртқалары мен балапан құрттарының ,өсіп-өнетін жерлерін 
мұқият зарарсыздандыру, малдың өлекселерін уақытында экету, биотермия- 
лық апандардың бетін үнемі жабық үстау, көң қоймаларын мал қораларынан 
200 м артық аулақта орналастыру. Осы сияқты ветеринариялық-санитариялық 
шаралар зиянды жәндіктердің тым көбейіп кетпеуіне жағдай туғызады. 
Зиянды буынаяқтарды мүлдем қүрту мүмкін емес жэне ондай мақсат коюдың 
жөні жоқ. Барлық іс-әрекет олардың сан мөлшерін реттеуге бағытталуы керек. 
Сонымен қатар, жануарларды қан сорғыщ жэне басқада тоғыщар жэндіктер- 
ден қорғау керек.
Дезинсекция жүргізу үшін эр түрлі химиялық заттар - инсектицидтер 
пайдаланылады. Олар эмульсия немесе ерітінді түрінде, аэрозоль ^етінде 
жэне ұнтақ дуст ретінде себу арқылы пайдаланылады.
Қорада, мал фермасындағы түрлі нысандарға дезинсекция жасау үшін, 
малдың үстін дэрілеу үшін эр түрлі техникалық жабдықтар, негізінен дезин- 
секцияға арналған аспаптар пайдаланылады. Дезинсекция жасау мақсатында 
аэрозоль эдісін пайдалану да аса тиімді болып табылады. Бүл мақсатта пай- 
даланылатын препараттар - дезинсектанттар сан алуан, олардың қасиеттері 
мен қолдану жолдары паразитология пэнінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет