Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет222/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Оба қоздырушысы түйенің денесіне эр түрлі жолмен енуі 
мүмкін. Соған байланысты аурудың бірнеше клиникалық түрі қалыптасады. 
Микроб көбінесе денеге тері арқылы енеді. Мүндай жағдайда терінің өзінде 
ешқандай өзгеріс байқалмайды. Теріден өткен микроб сөлмен маңындағы сөл 
түйініне жетеді, онда қабыну процесі өрбіп, геморрагиялық лимфаеденит не- 
месе периаденит байқалады. Оны бастапқы түйнек деп атайды. Бүдан кейін 
микроб пен оның улары қанға өтіп, қан арқылы бүкіл денеге тарайды. Дененің 
эр жеріндегі беткі және тереңде орналасқан сөл түйіндеріне жайылып, обаның 
түйнекті түрі пайда болады. Қоздырушының экзо- жэне эндотоксиндерінің 
әсерінен ішкі ағзалар дегенерацияға үшырап, жаппай қанталайды. Қандағы 
микробтың мөлшері шамадан тыс көбейгенде жануарларға өлітиеді де, оба- 
ның өлітиген түрі пайда болады. Сонымен қатар, көп жағдайда суланып-қан- 
талап пневмония басталып, бара келе өкпе үлпасы өліеттенуге үшырайды. Бүл 
обаның өкпедегі түрі. Аурудың барлық аталған түрі кезінде организмде аса 
күшті улану (интоксикация) байқалады. Жалпы алғанда бұл процестерді 
геморрагиялық-септицемияның шектен тыс шиеленесуі ретінде қарастырған 
жөн.
294


36-сурет. Обамен ауырган түйе.
Өтуі мен симптомдары. 
Жасырын кезеңі 
3-10 
тәулік, Ауру жіті, жітіден 
төмен жэне созылмалы өтеді. Ең алғашында жануардың бүрге шаққан жерін- 
де ісік пайда болады да, маңындағы сөл түйіңдері 
2-3 
есе үлғайып, сипағанда 
қозғалмайды, ауырсынады. Бүл кезде дененің ыстығы көтеріледі, элсіреп бей- 
жай күйге түсіп, мал оттан жэне күйістен қалады. Тамыр соғысы жиілеп, 
аритмия басталады. Өлітиюді белгілері өрши түсіп, жануар 2-8 күн өткенде 
өліп қалады.
Жітіден төмен
өткенде аурудың белгілері сэл бәсеңдеу байқалады. Бей- 
жай күйдегі жануардың іші өтіп, тез ариды. Терісі серпімділігін жоғалтып, 
жүні үйпаланады жэне оңай жүлынады. Буаз інген іш тастайды. Өкпесі қа- 
бынған малдың тынысы жиілеп, жөтеліп, танауынан сора ағады. Организмдегі 
жалпы интоксикацияның белгілері еселей түсіп, ауру басталған соң 9-15 
тәуліктей уақыт өткенде түйе өледі.
Созылмалы өткенде
дененің ыстығы оқтын-оқтын көтеріліп, жануарда 
жалпы элсіздік байқалады. Кейде беткі сөл түйіндері ұлғайып, жүргенде ақ- 
сайды. Ауру 20 күннен артық созылып, жануар арықтап кетеді. Кейде ауырған 
түйенің халі жақсарып, жазылып кетуі де мүмкін. Бірақ, мұндай жағдай сирек 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет