Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет220/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Қоздырушысы 
-
Enterobacteriaceae
 
тұқымдастығына жататын 
Yersinia
pestis
 
бактериясы. Грамтеріс, сопақша, қысқа таяқшалар. Анилин бояулары 
екі жақ ұшына жақсы сіңетіндіктен боялғанда түрі биполярлы (қос полюсті) 
болып келеді. Сондықтан да ұзақ уақыт бұл микробты пастереллаларға жат- 
қызып келді (синонимы 
Pasteurella pestis
). Ауасыбағалы, кэдімгі қоректік 
орталарда жақсы өседі. Тығыз орталарда вирулентті R-жэне вирулентсіз S- 
шоғырлар кездеседі. 
Ү. pestis
 
экзо- жэне эндотоксиндер түзеді. Соматикалық
292


ыстыққа төзімді жэне қауашақтық ыстыққа төзімсіз антигендері болады. 
Қауашақтық антиген вирулентті штамдарына тэн және иммуногендендік қа- 
сиеттері бар. Бұл микробтың бірқатар белгілері кемірушілердің псевдотубер- 
кулезінің қоздырушысы 
Yersinia pseudotuberculosis
 
бактериясына ұқсайды.
Түйе обасы 
қоздырушысының төзімділігі сыртқы ортада онша емес. 
Қайнатқан кезде 1 мин, 60°С-та қыздырғанда 1 сағ ішінде өледі. Шикі сүтте 5 
күн, түздалған етте 130 күнге дейін, топырақта 27, қақырықта 165, іріңде 30, 
кемірушілердің өлексесі мен терісінде 23 тэулікке дейін сақталады. Қоздыру- 
шылары спора түзбейтін бактериялық инфекциялар кезінде қолданылатын 
дезинфектанттар үйреншікті концнетрациясында бүл микробтан толық зарар- 
сыздандырады.
Індеттік ерекшеліктері. 
Адамның, түйенің жэне кемірушілердің оба 
ауруының қоздырушысы ортақ бір микроб. Үй жануарларынан бүл аурумен 
түйеден басқа сирек жағдайда есек, қашыр, шошқа, қой, ешкі, мысық жэне ит 
ауырады.
Түйе обасы - нағыз табиғи ошақты транссмисивтік зооантропонозды 
ауру. Оның табиғаттағы негізгі ошағы жэне синантропты қосалқы ошағы бо- 
лады.
Аурудың табиғаттағы ошағын кемірушілер мен олардың эктопаразиті -
бүрге қалыптастырады. Бүндай табиғи ошақтар Австралиядан басқа барлық 
континеттерден табылды. Олар кемірушілер мен олардың эктопаразиттеріне 
әсер ететін географиялық ортаның жағдайына байланысты қаыптасып, сақта- 
лады. Оба микробын табиғи ошақтарда алып жүретін 300-ден артық кеміру- 
шілердің түрлері анықталды. Олардың ішінде қоздырушының сақталуында 
маңызды роль атқаратындары: саршүнақ, суыр, аламан, қүмтышқан, сүр- 
тышқан. Ал синантроптық ошақта оба микробының негізгі сақтаушысы -
егеуқұйрықтар, олардан ауру қоздырушысы басқа кемірушілерге ауысуы мүм- 
кін. Індет ошағының қай түрінде болмасын микробтың өзіне тэн тасымалдау- 
шысы - бүрге. Оның 120 түрі оба қоздырушысын тасымалдайды, олардың 
ішінде, әсіресе, егеуқұйрық бүргесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет