Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет26/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунологиялық жады. 
Иммунологиялық жады - организмнің анти- 
гендік эсердің қайталануына гуморльдік және жасушалық реакциялар арқылы 
эдеттегіден әлдеқайда күшті жауап беруі. Екінші, немесе қайталанған, жауап 
анамнездік реакция деп аталады. Оның ерекшелігі антиденелердің титрі жы- 
лдам артады жэне ол антиденелер иммуноглобулиндердің IgG класына жата- 
ды.
Иммунологиялық жады лимфоидтық жүйедегі өзгеше өзгерістердің нәти- 
жесінде қалыптасатын "жады жасушаларының" қызметінен туындайды. Осы 
заманғы көзқарастар бойынша бұл жады жасушалары антиген арқылы 
күшейтілген Т- жэне В-лимфоциттердің клоны болып табылады. Бұл жасу- 
шалардың қалыптасуы үшін бастапқыда организмге антигеннің елеулі мөл- 
шері қажет. Ал қайталау реакциясын тудыру үшін жады жасушаларын іске 
қосуға антигеннің өте аз дозасы да жеткілікті. Сондықтан жануарларға ревак- 
цинация (қайталап егу) кезінде күшті иммундік жауап алу үшін ваюдинаның 
өте аз, шамалы ғана, дозасы жеткілікті болады.
Иммунологиялық жадының қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт кажет. 
Антигеннің ерекшеліктеріне жэне жануардың түріне байланысты бұл мерзім 
бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. Ал қалыптасқан жағдай бір- 
неше ай, кейде жылдар бойы сақталады. Адамның жады Т-лимфоцеттері 
тыныштық күйін 15 жылға дейін сақтайды. Сондықтан бұндай торшалар ұзак 
жасайтын лимфоциттер деп аталады.
Біздің жүргізген арнаулы зерттеулерімізде үй қоянының сиырдың глобу- 
линіне иммунологиялық жадысы 30 күннен кейін қалыптаса бастайтындығы, 
ал 50-60 күннен кейін ең жоғары деңгейге жететіндігі анықталды.
Иммунологиялық жады организмнің корғаныс қабілетінің қалыптасуын- 
да маңызды роль атқарады. Инфекцияның немесе вакцинаның әсерінен пайда 
болған жады жасушалары сол антигендік эсер қайталанғанда иммунология- 
лық жүйенің жедел жоғары қарқынмен жауап беруін қамтамасыз етеді. Бұдан
34


шығатын қорытынды вакцина егудің мәнісі мен нәтижесі иммунологиялык 
жады қалыптастыру. Инфекция кезінде де, вакцина еккеннен соң да, иммуно- 
логиялық жадының қалыптасы мен іске қосылу 'тётіктері тақылетіЪс болған- 
дықтан иммуологиялық реакциялардың' инфекция мен вакцинация кезіндегі 
нэтижелерін ажыратуда қиындықтар туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет