Телімсіз талъщсу
жануардың қьісқа уақыт мазасыздаңуы, ыстығы
көтерілуі арқылы байқалады да, ешқандай емдеусіз-ақ басылады. Шоктан
кейін сарысудың емдік эсері кемімейді.
Телімді анафилаксиялъщ щок
қезінде қан тамырлары кеңіп, : артерияльіқ
қан қысымы төмендейді. Ьұл жағдайда жануар есеңгіреп, құсады, еркінен тыс
ңәжіс пең- ңесеп щығарады. Емдеу үшін қан тамырын тарылтатың дәрілер
(адреналин, норадреңалин, эфедриң), парасимпатиколитиктер (атропиң), кор-
тикосупренальді гормондар (гидрокартизон), гистаминге қарсы дэрілер (диа-
золин, димедрол, дипразин) қолданылады.
—
- - - - - - — -
Сарысу ауруы
иңкубадиялық қезеңңең кейің, егер бұрың сарысу жіберіл-
меген болса 2 апта өткенде, ал егер бұрын сарысумен емделген болса бірінші
аптаның соңында білінеді. Бұл ауру кезівде ыстық көтеріледі, тері бөртіп,
қышынады, сыртқы жыныс мүшелері домбығып, бронхылар тарылады. ,Кө-
мейдің домбығуы аса қауіпті, өйткені одан малдың тұншығып, өліп кетуі
мүмкің. Емдеу үшін аурудың клиникалық белгілері ескеріліп, жоғарыда атал-
ған дәрілер пайдаланылады.
Сарысумен емдеуден туындайтын зардапты болдырмау үшін, эсіресе өте
күндьт малға, қаң сарысуын жіберер алдында, жануардың бұл препаратқа
сезімталдығын анықтаған жөн. Ол үшін көз конъюнктивасына „2-3 тамшы
сарысуды тамызады немесе оны 0,1-0,2 мл мөлшерде тері ішіне жібереді.
Жарты сағат өткен соң сол жердегі қабыну реакциясы арқылы малдың жеке
сезімталдығы анықталады. Анафилаксиялық талықсуды болдырмау үшін де-
сенсибизация қолданылады. Бұл мақсатпен алдын ала тері астына 0,5-2 мл қан
сарысуын жібереді де, жарты сағат өтқізіп барып, барлық дозасың жібереді.
Әр түрлі малдардан алынған гипериммунді сарысулардың ішінде зар-
дабы ең азы гомологты яғни жануарлардьщ өзі тектес түрінен алынған са-.
рысу. Мысалы сиыр үшін жылқының қанынан алынған сарысудан гөрі сиыр-
дан даярланған препараттың зардабы аз. Өңделмеген - сарысумен салыстыр-
ғанда одан даярланған тазартылған иммуноглобулиндердің жағымсыз әсері
әлдеқайда төмен. Әсіресе протеинсіздендірілген препараттар жағымсыз реак-
ция бермейді. Ондай препараттар иммуноглобулиндерді арнаулы ферменттер-
мен өңдеу арқылы алынады. Ондай ферментпен өңдеп, балласт белоктардан
ажыратылған (диализделген) препараттар диаферм деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: