Оқулық. Алматы, 518 бет


Табиғи белсенді иммунитет



Pdf көрінісі
бет28/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Табиғи белсенді иммунитет. 
Табиғи белсенді иммунитетке ежелден та- 
биғи жолмен қалыптасқан иммунигеттің мынандай түрлері жатады: белсенді, 
жолмен қалыптасатын аурудан соңғы иммунитет жэне иммундеуші субинфек- 
ция (1-кесте, 15 бет). Жануарлар жұқпалы аурумен ауырып жазылғаннан 
кейін ауруға бейімділігі төмендейді немесе қайтадан мүлде ауырмайды. Бұл 
пайда болған иммунитеттің ішіндегі ең мықты түрі. Ауырып жазылғаннан соң 
организм миқробтаң мүлде арылып иммунитет қалыптасса, мүндай иммутетті 
стерипді иммунитет
деп атайды. Егерде аурудан жазылған соң организм. 
микроб алып жүруші болып қалатын болса, мұндай жағдайда қалыптасқан 
иммунитет 
стерилсіз иммунитет
деп аталған. Француз ғалымы Сержант 
микроб сақталған жағдайда ғана болатың стерилсіз, иммунитетті 
премунция
деп атады. Табиғатта стерилсіз иммунитет кең тараған. Негізінде ауырып 
жазылғаннан кейін қалыптасатын иммунитетті екі кезеңге бөлуге .болады. 
Бірінші кезең микроб элі де болса организмде сақталатын мерзімге сәйкес 
келетін стерилсіз иммунитет, ал екінші кезеңі , микроб тарату тоқталғаннан 
кейін болатын стерилді иммунитет.
Иммундеуші субинфекция да табиғатта жиі кездеседі. Жануарлардың 
ауру қоздырушы микробпен кезіккеніне қарамастан ауру білінбей, иммунитет 
қалыптасуы маңызды фактор ретінде ветеринариялық шараларды жүргізгенде 
үнемі ескерілуі қажет. Жергілікті малдар сол аймақта тараған ауруларға 
төзімді келеді. Ал басқа жақтан әкелінген малдар сол жерде болатын ауру- 
ларға тез шалдығады. Сондықтан экелінген малдарды жерсіндіру оларды сол 
жердің ауа райы мен жем-шөбіне ғана үйрету емес, жаңа мекенінде кездесетін 
паразиттер мен ауру қоздырушыларға төзімділігін де қалыптастыру.
Табиғи енжар иммунитет. 
Табиғи енжар иммунитетке негізінен жас 
төлдің енесінен табиғи жолмен алатын қорғаныс қабілеті жатады. Қүстың 
балапаны және жүмыртқа арқылы өніп-өсетін басқа хайуанаттар қорғаныс 
заттарын жүмыртқаның сары уызынан алады. Бүл жұмыртқа арқылы қалып- 
тасқан 
трансовариалъді иммунитет.
Жоғары сатыдағы жануарлар иммунитетті ұрпағына плацента арқылы 
береді, бұл 
трансплацентарлъщ иммунитет.
Бірақта плаценталы жануарлар- 
дың барлығы бірдей плацента арқылы үрыққа антиденелер бере бермейді. Бүл 
плацентаның қүрылымына байланысты. Антиденелер адам мен приматты 
жануарлардың гемохорионды плаценталары арқылы ғана өте алады. Гемо- 
хорионды плацентада үрықтың хорионы ж аты рдың. қан тамырына тікелей 
ұштасады да, антиденелердің аналық қан айнамылынан үрықтың қан айна- 
лымына өтуіне мүмкіндік тудырады.
Ауыл шаруашылық жануарларының (сиыр, жылқы, қой, ешкі) плацен- 
тасы десмохорионды немесе эпителиохорионды болады да, хорион мен 
жатырдың қан тамыры арасында дәнекер үлпа мен эпителий жасушаларының 
бірнеше қабаты орналасады. Антиденелер осындай табиғи тосқауылдан өте 
алмайды да, жатырдағы төл анасының қанынан қорғаныс заттарын ала 
алмайды. Сондықтан да малдың жас туған төлінің қанында иммуноглобулин-
36


дер болмайды (агаммаглобулинемия). Барлық қорғаңыс заттарын жае төл 
енесінің уызынан алады, бұл ~ 
коластральдік'иммунитет.
Уыз өзінің қор 
ғаныс заттарының құрамы жөнінен қан сарысуьшан кем іүспейді. Онда әр 
түрлі антиденелер, басқа да микробқа қарсы заттар мол. Мұндай қасиет бірін- 
ші сауылған уызда іана болады. Кейінгі алынған уыздың құрамы нашарлай 
береді де, келе-келе жай сүтке ұқсас боладьг. Жас төлдің ішегіндегі эпителий 
де туғаннан соң бірнеше сағат бойы ғана уыздағы антиденелер мен басқа да 
қорғаныс заттарының өтуіне қолайлы болады. 1-2 тэуліктен кейін аталған 
заттар ішектен қанға бүтін ісүйінде өте алмайды да, басқа қоректік заітар 
иияқты ферменттердің эсерінен ыдыраи, қорытылып ксгсді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет