Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет318/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Індеттік ерекшеліктері. 
Ауруға шошқалар жасына, жынысына қарамас- 
тан бейім келеді, бірақ, 2-10 айлық торайлар жиірек ауырады. Ауру аса жү- 
ғымтал келеді жэне алғашқы байқалған кезде індет ретінде өтеді. Ауруға 
шалдығу 50-100%, шығын көрсеткіші 30-90%.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауру жэне аурудан жазылған вирус 
алып жүруші шошқалар (бір жылға дейін сақталады). Вирус олардан сілекей- 
мен, сорамен, нэжіспен сыртқы ортаға бөлініп, төсеніш, жем, су, құрал-сай- 
ман, т.б. ластайды. Аурудың берілу факторлары өлексе, кемірушілер, күтуіші 
қызметкерлер де бола алады. Шошқалар негізінен ауру жэне сіау шошқаларды 
бірге үстағаннан зарарланады. Қоздырушы шошқа организміне танаудың, ас 
қорыту жүйесінің кілегейлі қабығы арқылы енеді. Ауру жылдың кез-келген 
мезгілінде болуы мүмкін, бірақ көбінесе көктем, күзгі мезгілдерде жиірек кез- 
деседі.
401


Дерттенуі. 
Вирус танау, қуысының кілегейлі қабығы арқылы, иіс сезімі 
жүйесінің бойымен миға еніп, оның жұмсақ қабығы мен сүр затын қабын- 
дырады. Кейіннен мишық пен жұлын зардаптанады. Вирустың эсерінен жүй- 
ке торшаларында хроматолиз вакуольдері түзіліп, нейронофагия, глиоз болып, 
капиллярлардың айналасына торшалар жинақталады. Орталық жүйке жүйе- 
сіңдегі қабынулар жалпы организмдегі көптегең жүйелердің жұмысына нүк- 
сан келтіреді.
Өтуі мен симптомдары. 
Аурудың жасырын кезеңі 
9-35 
тәулік. Аурудың 
ңегізгі бедгщері біліңбестен бұрын маддьщ бір тәуліктей қызуы көтеріледі.
Ауру аса жіті, жіті, жітіден төмен жэне созылмалы гүрлерде өтеді.
Аса жіті өткенде ми қабынып, мал жалпы сал болады. Көбінесе ауру 
басталғаннан кейін 48 сағаттың ішінде мал өледі.
Жіті түрде әуелі мал артқы аяғының біреуінен ақсап, кейіннен малдың 
артқы жағы жартылай сал болады. Ауру шошқа көбінесе бір орында жатып, 
ңе тізерлеп қозғалып ңемесе ит құсап щоқиып отырады. Қөбіңесе көп қозға- 
лып жүре алмайды, құлайды, жылдам элсірейді. Сондай-ақ, кейде ауру мал 
қозып, терінің сезімталдығы артып, бұлшык еттері жиырылып, тісін шықыр- 
латып, көзін ойнақшытады. Ауру басталғаннан кейін 1-2 тэуліктен кейін 
толық сал болумен аяқталады. Шығын 70-90%.
Аурудың жітіден төмен түрінде орталық жүйке жүйесінің зақымдану 
белгілері бэсеңдеу болып, шығын көрсеткіщі 30-50%-тен аспайды.
Аурудың созылмалы түрінде мидың қабынуы байқалмайды. немесе бэ- 
сеңдеу болады. Ауру малдардың көпшілігі жазылады, бірақ, жүйке жүйесінің 
зардаптары қалады. Соның нәтижесіңде малдың көпшілігі ақсайды, енді бір 
бөлігі асқынудан, өкпенің қабынуынан өледі. Толық сауығып кету сирек кез- 
деседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет