Үй және жабайы жануарлардың арасындағы байланыстардың індет-
тік маңызы.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар бір жайылымда жайы-
лып, бір суаттан су ішуі бүрыннан қалыптасқан жағдай. Бірінің қанын сорған
62
паразит келесі жолы екіншісінің қанын соруы эбден мүмкін. Жабайы аңдар,
әсіресе қасқыр сияқты жыртқыштар, малға шабады. Қьіста тышқан тектес
кемірушілер жылы мал қораларына, жемшөп қоймаларына қарай ауады.
Сонымен үй жэне жабайы жануарлар бір-бірімен тікелей болсын, тікелей
болмасын, эйтеуір түрлі жолдармен жанасып тұрады.. Осының нәтижесінде
жабайы жануарлар мен үй жануарлары бір-біріне ауру жұқтырады. Қалып-
тасқан ұғым бойынша негізінен жабайы жануарлардан үй жануарларына
аурудың жүғуына баса көңіл бөлінеді де, аурудың керісінше берілуі көп жағ-
дайда ескерілмейді. Мысалы, бруцеллез жабайы жануарларға үй жануарла-
рынан жүғады. Шындығында бүл аурудың табиғи ошағы жоқ. Егер ауыл
шаруашылық малдарын бруцеллезден арылтса, жабайы аңдардың арасында
бруцеллез өзінен өзі-ақ басылып қалады.
Қазіргі кезеңде республика территориясының басым бөлігінде байырғы
маусымдық жайылымдардың толықтай пайдаланылмауына байланысты ол
алқаптарда жабайы жануарлардың саны күрт көбейді. Осының салдарынан
бірқатар аурулар бойынша індеттік жағдайдың қалыптасуына жабайы жа-
нуарлардың ықпалы басымдық ала бастады.
Қысқаша қорытынды
Індет ошағы - жүқпалы ауру тараған инфекция қоздырушысының бас-
тауы бар жэне берілу тетіктері іске асырылатын территория. Індет ошақтары
жаңа, өше бастаған, түрақты жэне табиғи болып бөлінеді. Індет ошағымен
тікелей шектескен территория қатер төнген аймақ болып есептеледі. Табиғи
індет ошағының аутохтонды, антропургиялық, синантроптық, шашыранды,
жылжымалы, ландшафтық деп аталатын түрлері болады.
Атаулар мен ұғымдар
Індет ошағы, қатер төнген аймақ, аурудан сау емес пункт, бастапқы індет
ошағы, туынды індет ошағы, жаңа індет ошағы, өше бастаған індет ошағы.
түрақты індет ошағы, табиғи індет ошағы, аутохтонды індет ошағы, антро-
пуриялық індет ошағы, синантроптық індет ошағы, шашыранды індет ошағы,
жылжымалы індет ошағы, ландшафтық індет ошағы.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмал ар
1. Індет ошағы деген не?
2. Індет ошағының қандай түрлёрі болады?
3. Инфекция ошағы мен індет ошағының айьірмашьільіғьі.қандай?
4. Аурудан сау емес пункт деген не?
5. Қатер төнген аймақ қайда болады?
6. Табиғи індет ошағы қалай қалыптасады?
7. Табиғи ошақтың қүрылымы қандай?
8. Табиғи ошақтың қандай түрлері болады, олар қалай қалыптасады?
63
|