белоксыз синтетикалық қорек заттарды пайдаланылады.
Қоздырушының өсуі-
не қолайлы температура 38-39°С, бірақ, лабораторияларда 28-30°С жағдайын-
да өсіріледі, өйткені бұндай температурада
микробтың өсуі баяуламайды
жэне қоректік ортаның кебуі бәсеңдейді. Ауру қоздырушысы лептоспиралар-
дың микробтың сапрофитті түрінен айырмашылығы, олар 13°С-дан
жоғары
температурада ғана өседі. Қоректік ортаның жайлы қышқылдылығы pH
7,0-7,4.
Төзімділігі.
Лептоспиралардың химиялық жэне физикалық факторлар-
дың
әсеріне төзімділігі онша емес. Жануарлардың несебінде 4 сағаттан 6-7
күнге дейін, бүйрегінде 12 сағаттан 12 күнге дейін,
шошқаның тастанды тө-
лінде - бірнеше күн, ет ұлпасында 48 сағ., жаңа сауылған сүтте 8-24 сағ.
сақталады. Лептоспиралар нағыз гидробионаттар, олар өзен жэне көл сула-
рында 200 күн, сарқын суда 10 күнге дейін, садырада 24 сағат сақталады.
Ылғал,
бейтарап, сәл сілтілі топырақта 43-279 күнге дейін сақталса, құрғақ
топырақта 30 мин - 12 сағ. аралығында өледі. 76-96°С-та қыздыру бірден, күн
сәулесі мен кептіру 2 сағатта өлтіреді. Төменгі
температурада ұзақ уақыт
(мысалы, тоңазытылған шәуетте 1-3 жыл) сақталады. 0,25% белсенді хлор, 5%
карбол қышқылы, 0,25% формальдегид, 0,1%
тұз қышқылы ерітінділері
лептоспираларды 5 мин ішінде , ал 1% күйдіргіш натрий бірден өлтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: