Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет133/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Лептоспиралар организмге енгеннен соң.өте жылдам қозға- 
луының нэтижесінде гез арада қанға және ішкі ағзаларға өтеді. Табиғи жол- 
мен енгенде, алғашқы денеге өткен жерінде, маңайындағы сөл түйіндерінде 
көзге ілігерліктей өзгерістер байқалмайды. Аурудың бастапқы кезінде аз 
уақытта дененің ыстығы көтеріледі. Ауру қоздырушысының уыттылық!фак- 
торларына эндотоксин, гемолизин, фибринолизин, плазмакоагулаза, т.б жата- 
ды. Олардың эсерінен эритроциттер еріп, кейбір үлпаларда жэне теріде өліет- 
тену пайда болады. Лептоспралар бүйректің зақымдануы нәтижесінде несеп- 
пен ұзақ уақыт бойы көп мөшерде сыртқы ортаға бөлініп шығады. Эритро- 
циттердің еріп, гемоглобиннің мол бөлінуі, оның салдарыңан несепте гемо- 
глобин пайда болуы және билирубиннің көбеюі нәтижесінде .кілегейлі қабық- 
тардың сарғаюы байқалады. Бүйрек зақымданғанда несепке гемоглобин ғана 
емес қан да араласады.
Буаз жануарлар ауру жұққаннан кейін 2-5 апта өткенде іш тастауы мүм- 
кін немесе жетілмеген шалажансар төл туады.
Ауру жүққан организмнің иммундік икемдігі өз дэрежесінде болса қоз- 
дырушыға қарсы антидене түзіп, белсенді фагоцитоз байқалады. Бүның нэ- 
тиж есінде аурудың беті қайтып, ішкі ағзалардағы лептоспиралар ж ойыла
193


бастайды. Тек қана антиденелер өте алмайтын бүйректің түтікшелерінде қоз- 
дырушылар сақталып қалады да, ұзақ уақытқа созылатын микроб алып жү- 
руге жағдай туады.
Өтуі және симптомдары. 
Аурудың инкубациялық кезеңі 3-5 күннен 2- 
3 аптаға дейін. Лептоспироз кэдімгідей өзіне тән симптомдарымен және 
симптомсыз кәдімгідей емес түрде өтеді. Симптомды түрі жіті, жітіден төмен, 
созылмалы болып кездеседі. 
Ж іті түрі
дененің ыстығы көтерілуі, кілегейлі 
қабықтардың сарғайып, несепте гемоглобин мен қан болуы арқылы білінеді. 
Мүндай симптом кешенін бір сөзбен "иктерогемоглобинурия" деп атайды 
және бұл атау кейде аурудың қосалқы синонимі ретінде қолданылады. Ауру 
жіті өткенде бұл өзгерістер айқын байқалса 
жітіден төмен
өткенде бәсең 
байқалады. Ал, 
созылмалы,
әсіресе, 
симптомсыз кәдімгідей емес
түрде өт- 
кенде аталған белгілері байқалмайды.
Лептоспироздың өтуі мен симптомдарының малдың эр түлігінде өз ерек- 
шеліктері болады.
Сиыр малында
лептоспироздың симптомдары жас бұзауда жіті өтіп, ай- 
қын білінеді. Ең алдымен ыстығы 2-2,5°G көтеріліп, жануар өте күйзеліп, 
жемшөпке қарамайды, көзі жасаурап, іші өтеді. Ауру қатты басталғанда гемо- 
литикалық анемияның белгілері басым болады, гемоглобинурия байқалып, 
несептің түсі сэл қызғылттан қызыл қоңырға дейін өзгереді. Кілегейлі қа- 
бықтар мен тері сарғыш тартады.
Қанды зерттегенде эритроциттердің саны күрт кеміп 1-3 млн, гемоглобин 
10-30%-ға төмендеп, үнемі дерлік лейкоцитоз (13-15 мың) байқалады, қант 
қалыптан 3-4, тіпті 8-10 есе төмендейді де билирубин күрт көбейеді.
Аурудың жіті өтуі 3-10 күнге созылып, өлім көрсеткіші 50%-ға дейін 
жетеді. Ересек ірі қарада ауру негізінен жеңіл өтіп, белгілері көзге оншама 
түспейді. Бастапқы кезде ыстығы аздап қана көтеріліп, жануар сэл күйзеліп, 
денесі шамалы сарғайып, несебінің түсі сэл қызғылттанады.
Лептоспироздың сиырдағы ең басты белгісі - буаз кезінде іш тастауы, 
бұзауды өлі немесе шалажансар -тууы, сонымен қатар, аурудың салдарынан 
малдың бедеу болып қалуы мүмкін.
Сауын сиырдың ауруға шалдыққанда сүті қайтып, жазылган соң 2-3 
аптадан соң қалпына келеді. Әсіресе 
Hardjo
лептоспирозы кезінде агалактия 
жиі байқалады. Сонымен қатар, мастит те үшырасады.
Лептоспироздың жіті түрінде де, созылмалы түрінде де, нефрит бай- 
қалады. Бұл жағдайда несептің меншікті салмағы төмендеп, кей жағдайда 
оның түрі таза сумен бірдей болады. Несепте үнемі лейкоциттер кездеседі. 
Ауырған сиырдың жүні үрпиіп, сабалақтанып, көктемде түлемейді. Терінің эр 
жері, әсіресе, қыр арқасы, сербектің үшы қажалып, өліеттене бастайды.
Аурудың кэдімгідей емес үзілмелі түрі кезінде ірі қараның жалпы күйі 
оншама күдік туғызбайды. Бастапқыда жануар аздап күйзеліске үшырап, 
кілегейлі қабықтары бозарып немесе аздап сарғаяды, біраз уақыт несебінде 
гемоглобин пайда болады да, бірнеше тәуліктен кейін аурудың белгілері 
басылып, жазылып кетеді.
194


16-сурет. Лептоспирозбен ауырган сиырдың терісінің өліеттенуі.
Шоищада
лептоспироз ңегізінең ещбір симитомсыз жасьірын өтеді. Қөп- 
шілік жағдайда жануарлардың ауруға шалдыққандығының бірден-бір белгісі 
серологиялық реакция болып табылады. .Клиникалық белгілері кейбір жа*- 
дайда білінеді. Олардың ішіндегі ең бастысы - іш тастау. Лептоспироз кезінде 
іш тастау жаппай байқалуы мүмкін.
Лептоспирозбен ауырған шошканың ыстыгы аз уақытқа көтеріледі. Ол 
тіпті бактериемиямен сәйкес келмейді де, бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін 
созылады. Температурасы 40,5-41,5°С дейін көтеріліп, қайтып кетеді, күніне 
бірақ рет өлшегенде байқалмауы да мүмкін. Өте жиі болмаса да гемогло- 
бинурия, кілегейлі қабықтардың сарғаюы, терінің кейбір телімдерінің өліет- 
тенуі байқалады.
Жылцыда
лептоспироздың белгілері негізінен сиырдағыдай. Сонымен 
қатар, жануар тез шаршап, тершең келеді, аяқ еттері дірілдеп, жүрісі бұзы- 
лады, аяғы ақсап, бұлшық еттері ауырсынады.
Ит пен терісі бшалы ацдар
лептоспироз кезінде ыстығы көтеріліп (41°С 
дейін), күйзеліп, тамаққа қарамайды, құсып, қатты шөлдейді, артқы аяғынан 
ақсайды. Қан аралас іші өтіп, кейде іші қатады. Кілегейлі қабықтарының сар- 
ғаюы итте сирек, ал түлкі мен қарсақта жиі кездеседі. Несеп жиі жэне аз мөл- 
шерде бөлініп, оның құрамында белок ұшырасады, түсі сарғыш немесе қоңыр 
болады. Ауызының іші қолдырап, қабыршақтанып тұрады, жағымсыз иіс шы- 
ғады. Мойынындағы, шабындағы сөл түйіндері ұлғаяды. Кейде көзінен ірің 
ағады. Ауру 2-12 күнге созылыи, көбінде өліммен аяқталады. Өлім көрсеткіші 
50-90%. Өлер алдында жүйкенің зақымданған белгілері байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет