16-сурет. Лептоспирозбен ауырган сиырдың терісінің өліеттенуі.
Шоищада
лептоспироз ңегізінең ещбір симитомсыз жасьірын өтеді. Қөп-
шілік жағдайда жануарлардың ауруға шалдыққандығының бірден-бір белгісі
серологиялық реакция болып табылады. .Клиникалық белгілері кейбір жа*-
дайда білінеді. Олардың ішіндегі ең бастысы - іш тастау. Лептоспироз кезінде
іш тастау жаппай байқалуы мүмкін.
Лептоспирозбен ауырған шошканың ыстыгы аз уақытқа көтеріледі. Ол
тіпті бактериемиямен сәйкес келмейді де, бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін
созылады. Температурасы 40,5-41,5°С дейін көтеріліп, қайтып кетеді, күніне
бірақ рет өлшегенде байқалмауы да мүмкін. Өте жиі болмаса да гемогло-
бинурия, кілегейлі қабықтардың сарғаюы, терінің кейбір телімдерінің өліет-
тенуі байқалады.
Жылцыда
лептоспироздың белгілері негізінен сиырдағыдай. Сонымен
қатар, жануар тез шаршап, тершең келеді, аяқ еттері дірілдеп, жүрісі бұзы-
лады, аяғы ақсап, бұлшық еттері ауырсынады.
Ит пен терісі бшалы ацдар
лептоспироз кезінде ыстығы көтеріліп (41°С
дейін), күйзеліп, тамаққа қарамайды, құсып, қатты шөлдейді, артқы аяғынан
ақсайды. Қан аралас іші өтіп, кейде іші қатады. Кілегейлі қабықтарының сар-
ғаюы итте сирек, ал түлкі мен қарсақта жиі кездеседі. Несеп жиі жэне аз мөл-
шерде бөлініп, оның құрамында белок ұшырасады, түсі сарғыш немесе қоңыр
болады. Ауызының іші қолдырап, қабыршақтанып тұрады, жағымсыз иіс шы-
ғады. Мойынындағы, шабындағы сөл түйіндері ұлғаяды. Кейде көзінен ірің
ағады. Ауру 2-12 күнге созылыи, көбінде өліммен аяқталады. Өлім көрсеткіші
50-90%. Өлер алдында жүйкенің зақымданған белгілері байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: