бөлініп шығады. Бұл медиаторлардың әсерімен
антигенді ыдырату процесіне
макрофагтар тартылады. Іске қосылған макрофагтардың көлемі ұлғайып,
фагоциттік жэне ферменттік белсенділігі артады. Сонымен БТС-қа монону-
клеарлық торшалардың екі түрі: Т-эффекторлар мен макрофагтар қатысады.
Т-эффектор беткі рецепторлары арқылы себепкер антигенге тэн телімді
болады да, макрофагтардың антигенге тэн өзгешелігі болмайды.
Макрофагтар
Т-лимфоциттер арқылы ғана іске қосылып антигенді ыдыратып, аластауға
қатысады.
БТС жағдайын басқа организмге сезімталданған жануардың лимфоидтық
жасушаларын енгізу арқылы көшіруге болады.
Мұндай иммундік жағдайды
көшіру
адопты иммунитет
деп аталады (латынша
adopt -
қабылдау). Адопты
иммунитетті қандағы лимфоциттер, көк бауыр мен сөл түйіндері жасушалары
арқылы қалыптастыруға болады.
БТС туберкулин реакциясы сияқты жергілікті реакция түрінде
ғана емес
бүкіл организмнің жалпы жүйелі реакциясы ретінде де білінеді. Бұндай
жағдай себепкер антигенді көк тамыр ішіне жібергенде лихорадка, моноцито-
пения, терінің бөртуі арқылы байқалады. Аллергиялық
реакциялардың ара-
сында БТС телімділігі ең жоғары түрі. Сондықтан оны бруцеллез, туберкулез,
маңқа, т.б. жүқпалы ауруларды балау үшін пайдаланады. Негізінен аллергенді
тері ішіне, конъюнктиваға, тері астына жібереді.
Айрықша жағдайда аллер-
генді көк тамырға жібереді де, организм реакциясын дененің температурасын
өлшеу арқылы анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: