Бруцеллезге қарсы туа біткен иммунитет қоянда доминанттық ,тип бойынша
ұрпақ қуалайды. Иттің оба вирусына төзімділігі
бастапқыда рециссивті белгі
ретінде тұқым қуалайды да, егер белгілі бір жүйе бойынша бүл қасиетті бекіте
түскен жағдайда, кейбір генетикалық линияда доминантты белгі ретінде та-
райды.
Үрпаққа берілетін микробтарға қарсы иммунитет сүтқоректі жануар-
ларда көбінесе жеке гендермен, немесе гендердің кішкентай ғана топтарымен
басқарылады. Сондай-ақ организмнің бұл қасиеті полигенді (көп гендер
арқылы) болуы да ықтимал еқеңі айкындалып отьір.
Сонымен, конституциялық иммунитет түқым
қуалайды, ол иммундеуге
тэуелді емес, бүкіл өмір бойы болатын қасиет жэне инфекциядан қорғанудың
ең бір сенімді түрі. Жалпы алғанда иммунитеттің бүл түрі абсолютті десе де
болады, бірақ кей жағдайда оны жеңуте де болады. Мысалы, -табиғи жағдайда
тауық топалаңға, ал бақа сіреспеге шалдықпайды. JI. Пастер тауықты суық
суға батырып, оған топалаң жұқтырған. Ал термостатта
жылытып ұстағанда
бақада сіреспе ауруына бейімділік пайда болады.
И мм унитеттің ф агоциттік жүйесі. Фагоциттер туралы И.И. Мёчников
замаңьінан бері жиі айтылып қелгенімең олардың иммунитеттегі ықпалының
нақтылы орны мен маңызына дэл баға беріле бермейді. Иммунитеттің фаго-
циттік жүйесі организмге енген микробтарды жұтып, ыдырататын фагоциттер
деп аталатын жасушалардың қызметінен туындайды. Фагоциттердің екі түрі
бар: микрофагтар және макрофагтар. Оларға ортақ қасиет лизосома деп ата-
латын диаметрі 0,25-0,5 мкм түйіршік болады. Лизосомада көптеген фермент-
тер: қышқыл фосфатаза, миелопероксидаза, p-глюкуринидаза, колагеназа,
лизоцим, катепсин, РНҚ-аза, ДНҚ-аза т.б. болады.
Юсы ферменттер арқылы
фагоцитоз кезінде микробтар мен бөгде антигендер ыдыратылады. Фагоци-
тоздың өзі бірнеше қезеңнен тұрады.
1. Хемотаксис - фагоциттің фагоцитоз объектісіне жақындауы.
2. Фагоциттелінетін бөлшектің фагоцитке жабысуы.
3. Бөлшектің фагоцитке батуы жэңе оны қоршаған жасуша мембрана-
сының бөлігі үзіліп фагосома түзуі.
4. Фагосома мен лизосоманың қосылып фаголизосома түзуі.
5. Түйіршіктің қорытылуы. Бұл кезде күрделі заттар ыдырап, полиса-
харидтер олигосахаридтерге, белоктар пептидтер мен амин қышқылдарына
ыдырайды.
Достарыңызбен бөлісу: