(аусыл, кұтырық) кезінде сыртқы ортаға бөлініп шығады. Сондықтан оның
ұзақтығын індетке қарсы шараларды белгілегенде ескеру қажет.
Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың алғашқы нышаны біліне бас-
тайды. Бұл клиника алдындағы,
алгаищы нышан
немесе
продромальдік кезең.
Оның ұзақтығы бірер сағаттан бастап 1-2 күнге дейін, өзіне тэн клиникалық
белгілері болмайды. Ауырған мал тынышсызданып, жем-судан қалады,
ысты-
ғы көтеріледі, іші өтеді, немесе құсады. Одан кейін аурудың толық клини-
калық белгілері білінеді. Бұл кезде осы ауруға тэн негізгі клиникалық сипат-
тары айқындалады. Бұл белгілері қаншама өзіне тән сипатта болғанымен,
аурудың клиникалық түрлері сан алуан жэне оның ұзақтығы да эр түрлі
болатындығын естен шығармау керек.
Аурудың ақыры жайлы болып, малдың
жазылуымен немесе жайсыз
болғанда өліммен аяқталады. Сауығу мерзімі
реконвалесценция
кезеңі деп
аталады. Мал толық мүлде сауығып кетуі де, болмаса толық жазылмай денеде
эр түрлі морфологиялық немесе функциялық ақаулар қалуы мүмкін. Организм
сауыққаннан кейін әлбетте қоздырушы микробтан да арылады. Бірақ та көп
жағдайда сауыққаннан соң біраз уақыт (кейде ұзақ мерзімге) микроб орга-
низмде сақталады да, микроб алып жүру орын алады. Бұл реконвалесцёнтгік
микроб алып жүруді инфекцияның дербес түрі
ауырмаған жануардың микроб-
ты алып жүруінен ажырата білу керек. Аурудан кейін микроб алып жүру
індетке қарсы шараларда, оның ішінде карантин мен шектеуді алған кезде
ескерілуі керек. Микроб алып жүру мерзімі неғұрлым ұзақ болса, карантин
мен шектеу де соғұрлым жай алынады.
Достарыңызбен бөлісу: