, немесе паразитизм симбионттың бірінің екіншісіне тоғышарлық етуі болып табылады. Тоғышар
микроб иесінің есебінен күн көріп қана қоймайды, өзі тіршілік ететін орга-
низмді зақымдап, зиян келтіреді.
Паразитизмнің тарихи қалыптасуы ғылымда микроорганизмдердің эво-
люциялық дамуымен байланысты қарастырылады. Микробтар элеміндегі
тоғышарлықты олардың қоректік ерекшеліктері арқылы түсіндіреді. Микро-
организмдер эволюциясының алғашқы сатысында еркін тіршілік ететін
про- тотрофтар (автотрофтар) ғана болса керекті. Олар қоректік заттарды қара-
пайым бейорганикалық қосылыстардан синтездейді (темір, азот бактерия-
лары).
Эволюцияның келесі сатысында еркін тіршілікпен қатар тірі организмде
де өмір сүре алатын микробтар -
метатрофтар пайда бодған болуы керек.
Олардың арасында өлі органикалық заттармен қоректенетін
сапрофиттер жэне тоғышар
паразиттер кездеседі. Олардың расында жартылай сапрофит,
жартылай паразит болып табылатын
факулътативті паразиттер де кез-
деседі. Факультативті (жарым-жартылай) паразит сыртқы ортада да өмір сүре
алатын болса,
облигатты (міндетті)
паразит тек қана иесінің организмінде
өсіп-өнеді. Мұндай микробтар қоректік ерекшеліктеріне байланысты
пара- трофтар деп аталады.
Эволюцияның үшінші сатысында тек қана тірі организмде өсіп-өне
алатын
гетеротрофтар пайда болады. Олар - вирустар, риккетсиялар, хло-
мидиялар жэне микоплазмалар. Бұл микробтар сапрофиттік тіршілікке
бейімділігінен мүлде айрылған. Табиғи жэне жасанды жағдайларда тек қана
ұлпа торшаларында (микоплазмалардан басқасы) өсіп-өнеді.
Эволюциялық тұрғыдан салыстырғанда жіті өтетін аурулардың қоздыру-
шылары созылмалы аурулардың қоздырушыларына қарағанда "жас" болып
есептеледі. Паразитизмнің қай түрі бұрын пайда болған, торша ішіндегі
паразитизм бе, элде торша сыртындағы тоғышарлық па деген сауал элі де
талас тудырып келеді. Торша ішіндегі тоғышарлықтың бұрын пайда болған-
дығын жақтаушылар торша митохондрийін торшаның ішіндегі бактерия
типтес паразит деп есептейді. Паразитизмнің эволюциясы дегеніміз,. екінші
сөзбен айтқанда, паразит пен оның иесінің ара қатынасының эфолюциясы
деген сөз. Қалай болған жағдайда да эктопаразитизмнен гөрі эндопаразитизм
тоғышарлықтың жетілген түрі, ал оның ең "биік шыңы" - вирустың тоғышар
тіршілік етуі. Сөз жоқ, бұл кұбылыс паразиттік қатынастың дами келе
күрделенуінің нэтижесі. Тек қана паразиттің эволюциясын қарастырып, ал
иесінің паразит пен ортаны жалғастырушы буын ретінде ғана қарау кертартпа
көзқарас паразитоцентризмнен туындайды.
16