Оқулық. Алматы, 518 бет


іксині  1 00 0 тонна теңіз тышқанын ■ * Ә Ғ Е З О іа шть



Pdf көрінісі
бет14/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

17
іксині 
1
00 0
тонна теңіз тышқанын
■ * Ә Ғ Е З О іа шть
bgBftyhrTMK 
йіяЫ
6*3V 
aS r ^ » m


өлтіредь Экзотоксиннің организмге эсері телімді болады, өйткені олардың 
эрқайсысы өзіне бейім торшалардың арнайы өзіне тэн 
рецепторларымен 
жалғасады. Сондықтан эрбір микробтың' экзотоксині аурудың өзіне тэн 
симптом кешенін береді. Экзотоксиндер жарықгың, жылудың, қышқыл мен 
сілтіңің эсерінен күшін жояды, ал формалиннің эсерінен улылығынан айры- 
лып, 
токсоид
немесе 
анотоксинге
айналады. Анотоксин улы болмаса да 
иммундеуші қасиегін сақтайды, сондықтан оны вакцина ретінде қолданады.
Эндотоксиндер
микроб торшасының бөлінбес құрамы болып есептеледі. 
Ол микроб тірі кезінде қоршаған ортаға бөлінбейді, гек қана микробты 
ыдыратқанда ғана босайды. Негізінен грам теріс бактериялардың құрамында 
болады, глюцид-липид-полипептид кешеніне жатады, жылуға тезімді. Эндо- 
токсиннің организмге эсері телімсіз әлсіздік, демііу, іш өту, ыстықтың көте- 
рілуі сияқты жалпьшама өзгеріитер туғызады.
Аталған уыттылық факторлары - бактерияларға және оларға туыстас 
микробтарға тән. Ал вирустар болса, олар бейім жануардың торшасында өніп- 
өсу нәтижесінде патологиялық процестер тудырады. Вирустың репродук- 
циясы торшаны зақымдап өлтіреді, не болмаса оның қызметіне нұқсан кел- 
тіреді. Кейбір вирустардың, мысалы онкогендік, зардабы бірден сезілмейді. 
Оның нуклеин қышқылы торшаға енген соң вирустың геномы мен иесінің 
геномы қосылуы нәтижесінде 
вирогения
деп аталатын құбылыс орын алады.
2.3. Макрооргаиизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы
маңызы
Инфекция процесі организмге түскен микробтың мөлшері мен уыттылы- 
ғына ғана емес, генетикалық бейім жануардың эрқайсысының төзімділігіне де 
байланысты. Белгілі бір ауруға бейімділік (орысша - воспримчивость) деп 
эрбір түрдің жұқпалы аурудың қоздырушысымен жанасқанда оны жұқтырып, 
содан туындайтын ауруға қабілеттілігін айтады. Бұл жерде организмнің 
физиологиялық жағдайының, мал азығының құнарлылығының, малды бағып- 
қағу т.б. факторлардың маңызын талдамай-ақ, ауруға бейіміліктің арнайы 
тетіктерін қарастырып көрейік.
Ауруға бейімділіктің түпкі негізінде эртүрлі молекулалар мен торшалар- 
дың бірін-бірі биологиялық тануы жатыр. Инфекцияның ең алғашқы кезеңі 
ауру қоздырушының макроорганизмдегі тиісті ұлпаны тануына, содан кейін 
оған жабысып, мекен етуіне саяды. Микробтың белгілі бір ұлпада мекендеп, 
өсіп-өне бастауын 
колонизация,
немесе 
отарлау
деп те атайды. Биологиялық 
тану микробтың экзотоксинінің (мысалы, ботулизм токсинінің) сезімтал 
жасушаларды табуы үшін маңызы аса зор. Макро- жэне микроорганизмдер 
торшаларының бірін-бірі тануы олардың беткі макромолекулалық құрылым- 
дары арқылы іске асады. Олар біріне-бірі сай, яғни өзара комплементарлы 
болулары қажет. Бұларды 
тану бірлігі
(тану сайты) деп атайды. Олар лиган- 
да-рецептор жүйесін кұрайды (рецептор - қабылдаушы, ал лиганда - жалғау- 
шы деген мағынада).
18


Бейімділікке қарама-қарсы жағдай, организмңің инфекция қоздырушы- 
сының зардапты эсеріне төтеп беретін мүмкіндігі төзімділік немесе 
табиги
резистенттілік
деп аталады. Резистенттілік көптеген Лчхтоплардың нэтижесі 
болып табылады. Олардың ішінде организмнің өзіне де қатысты (морфология- 
лық ерекшеліктері, физиологиялық жағдайлар, конституциялық өзгешелік- 
тері, жынысы, жасы, иммунитет жүйесінің қызметі) жэне сыртқы жағдайларға 
да (азықтандыру, суару, күту, стрессорлардың эсері) байланысты болады' 
Төзімділік зиянды жағдайға тікелей қарсы тұру ғана емес, оған бейімделу 
арқылы да төтеп бере білу қасиеті. Зиянды жағдайға организмнің икемделу 
қасиетін -
реактивтілік
деп атайды. Реактивтіліктің ең көрнекті бір кұбы- 
лысы -
иммунологиялъщ реактивтілік,
яғни оргаяизмнің бөгде антигендерге ■
оның ішінде зардапты микробқа, қарсы иммунологиялық жауап реакцйясы.
Резистенттілік пен реакгивгіліктің организмнің қорғаныс қуаггыльйы 
үшін маңызын мынандай мысал арқылы түсіндіруге болады. И.Крыловтың 
белгілі "Емен мен тал" деген мысалындағы дауылға қасарысып түбірімен 
қопарылған еменді резистенттіліктің көрінісі десек, дауылдың күшімен иіліп 
аман қалған тал реактивтіліктің сипаты болып табылады.
Жұқпалы аурудың ең бірінші шарты - зардапты ауру қоздырушы 
микробтың мал организміне енуі. Бірақ организмнің төзімділігі жетқілікті 
дэрежеде болғанда аурудың байқалмауы да мүмкін. Уытты қоздырушы мен 
бейім жануардың кездесуі жедел өтетін санаулы аурулар кезінде ғана дерттің 
дереу басталуына әкеп соғады. Ондай ауруларға аусыл, оба (шошқаның, 
сиырдың), шешек, т.б. жатады. Бұндай аурулардың қоздырушылары Генле- 
Кох үш тағаны деп аталған үш түрлі шарттарға толық сай келеді. Ол шарттар:
1. Ауру қоздырущы микроб осы ауру кезінде табылады;
2. Ауру қоздырушысы басқа аурулар кезінде кездеспейді;
3. Ауру қоздырушысының таза өсінімен жүқтырғанда сол ауруды 
тудыруға болады.
Кезінде ғылымдағы материалистік көзқарастың қалыптасуына игі эсерін 
тигізген бүл шарттар көптеген жұқпалы аурулар кезінде орындала бермейді. 
Микро- және макроорганизмдердің кездесуінен барлық жағдайда бірдей 
жүқпалы ауру туындамайды. Ол үшін басқа да бірталай себептер болады. 
Мысалы, ортаның организмге қолайсыз әсері немесе биологиялық бірнеше 
факторлардың қабаттасуы. Бүдан барып жүқпалы аурулардың 
этиологиясы,
басты себептері деген ұғымдар туындайды. Арнайы қоздырушы болмаса 
жүқпалы аурудың болмайтыны даусыз. Бірақ қоздырушы аурудың бірден-бір 
себебі емес. Себептік факторларға қоздырушыдан басқа да, азықтың жетім- 
сіздігі мен қүнарсыздығы, малды дұрыс бағып-күту, ауа райының қолайсыз- 
дығы, т.б. жағдайлар, жатады. Аурудың этиологиясы ретінде сол ауруды коз- 
дырушы өзіне тэн микробты атаймыз. Бірақ та қоздырушы микроб барлык 
жағдайда бірдей сол аурудың басты себебі болып табылмайды. Басты себеп- 
кер аталған жағымсыз жағдайлардың бірі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет