2.4. Микробтың жануар денесіне еніп, таралуына байланысты
инфекцияның түрлері
Әрбір жүқпалы аурудың дерттенуі (патогеңезі)
сол аурудың қоздыру-
шысы мен организмнің оған жауап қайтаруының өзіне тән ерекшеліктерімен
айқындалады жэне де ол осы микро- жэне макроорганизмдердің бір-біріне
эсер еткен кездегі ортаның жағдайына тәуелді болады. Бүл жағдайда қозды-
рушының денеге ену жэне таралу жолдарының да маңызы аз емес.
Инфекция қақпасы.
Зардапты микробтың жануар организміңе енгең
орнын
инфекция ңақпасы
деп атайды.
Инфекция қақпасы қызметін тері, көз
коньюнктивасы, тыныс, ас қорыту жэне несеп жолдарының кілегейлі қабық-
тары, ал эмбриональдік кезеңде плацента атқарады.
Әрбір жұқпалы ауру қоздырушысы өз эволюциясында бейімделу арқылы
организмге ену кезеңінде өзінің өсіп-өнуіне, денеде тарауына ең бір қолайлы
жағдаяттарды қамтамасыз етеді. Сондықтан
инфекцияның кіру қақпасы әр
қоздьфушыға телімді болып келеді. Кейбір микроорганизмдердің денеге
белгілі бір жолмен енгенде ғана уыттылығы байқалады (мысалы, құтырықтың
вирусы зақымданған тері мен кілегейлі қабық арқылы енгенде), ал басқа-
ларының (олар көптеп саналады) бірнеше кіру жолдары болады.
Нақтылы жұқпалы ауруды дауалау үшін қоздырушысының өзіне тэн
инфекция
қақпасын білу қажет, жылқының инфекциялық анемиясының
вирусы қан сорғыш жэндіктер шаққанда тері арқылы өтеді, ал мандам ауруы
кезінде де қоздырушы тері арқылы енеді, бірақ бүл үшін
терінің зақымдануы
шарт. Ал туберкулез бен топалаңның қоздьфушыларының кіретін жолдары
сан алуан да, жануарларды жұғудан сақтандьфу үлкен қиындыққа соғады.
Қоздырушының денеге енуіне байланысты инфекцияның түрлері.
Басым көпшілік жағдайда инфекция қоздьфушысы организмге сырттан -
қоршаған ортадан енеді. Мүндай жағдайдан туындаған жүқпалы ауруды
экзогендік инфекция
деп атайды. Сау малдар микроб паразитті алып жүріп,
қорғаныс күштерінің
әлсіреген кезінде, элгі микробтың уыттылығының кү-
шеюінің ңәтижесінде ауруға шалдығуы мүмкін. Мүндай қүбылыс
эндогендік
инфекция,
болмаса
аутоинфещия
деп аталады. Ол төлдің пастереллез, саль-
монеллез, колибактериоз, шошқаның тілме,
жылқының сақау ауруларының
шығу кездерінде жиі байқалады. Эндогендік инфекция кезінде күшейіп алған
микробтың экзогендік инфекция тудыруы жиі байқалады.
Егер инфекцияның енген жолы белгісіз болғанда оны
криптогенді
инфекция
деп атайды. Табиғи жолмен адамның араласуынсыз болған инфек-
цияны
спонтандық,
қолдан қоздырылған жағдайда
эксперименттік
деп
атай-
ды. Ауруды бір қоздьфушы ғана тудырса, ол
моноинфекция,
немесе қара-
пайым (жай) инфекция деп, ал бірнеше қоздьфушылардың организмге ену
нәтижесінде
тиісінше бірнеше а у р у , пайда болса^ ол
аралас
(қабаттасқан)
инфекция
деп аталады. Мысалы, бруцеллез бен туберкулез сиьфда, оба мен
пастереллез шошқада аралас инфекция ретінде байқалады.
Кейбір аурулар кезінде сауығып кеткен жануар сол инфекцияға қайтадан
ш алды ғуы м үмкін. О сы ндай инф екцияны ң қайталануы н
р еинф екция
деп
20
атайды. Ал микроб мал жазылмай тұрып қайта жұқса, ол - і
суперинфекция
болып есептеледі.
Кей
жағдайда ауру сылбыр, клиникалық белгілері білінбестен өтеді.
Осындай жағдайда организм элсірейтін болса ауру асқынып кетеді. Дерттің
осылайша өршуін
рецидив
деп, ал екі рецидивтің арасындағы кезеңді
ремис-
сия
деп атайды. Рецидивтер созылмалы аурулар (бруцеллез, туберкулез, маң-
қа, мандам) кезінде жиі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: