Оқулық. Алматы, 518 бет


Қоздырушының денеде түрақтануына байланысты инфекцияның



Pdf көрінісі
бет16/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Қоздырушының денеде түрақтануына байланысты инфекцияның
түрлері. 
Микроб организмге инфекция қақпасы арқылы енгеннен кейін сол 
жерде өсіп-өніп, шоғырланады, не болмаса бүкіл денеге жайылады. Осыған 
байланысты туындайтын инфекцияның да екі түрі болады. Біріншісі - 
шектелген
немесе 
ошақты инфекция
да, екіншісі -
жайылган, денені жай-
лаган
(генерализацияланған) инфекция. Ал кейбір жұқпалы аурулар кезінде 
микроб енген жерінде қалып, сол жерде ғана шоғырлана өсіп-өнсе де, оның 
уының қан арқылы денеге тарауының нэтижесінде дерт бүкіл организмді 
жайлап алады. Мүндай құбылысты 
токсикоинфекция
деп атайды. Микроб 
өзінің өсіп-өнген бірінші ошағынан қанға түсіп, қанда өсіп-өнбесе де қан 
ағысымен бүкіл денеге тараса, мұндай жағдайды 
бактериемия
деп атайды. Ол 
бруцеллез, маңқа, туберкулез кезінде байқалады. Мұндай жағдай вирустық 
инфекциялар кезінде 
вирусемия
немесе 
виремия
деп аталады. Ал енді қанға 
түскен микроб қанда өсіп-өнсе, ол бүкіл организмді тез жайлап алады да, 
дертті тым асқындырып жібереді. Мүндай жағдайды 
сепсис
немесе 
септице-
мия
деп атайды. Ол қазақтың халықтық ветеринариясында 
өлітію
деп ата- 
лады.
Жұқпалы аурулардың таралуына бейімділігі, оның ауру малдан сау малға 
жүғу қасиеті 
жүгымталдыгы
(орысша - контагиозность, заразностъ, зарази- 
тельность) деп аталады. Ең жұғымтал аурулар сонымен 
бірге
тым жіті іөтетін 
тез тарайтын аурулар. Олар аусыл, оба, тұмау, т.б.
Жұқпалы аурулардың сатылылығы. 
Жүқпалы ауруларға тэн қасиет- 
тердің бірі - олардың өршуінің 
сатылылыгы.
Яғни ауру білінгеннен кейін, 
бірінен соң бірі бірнеше кезеңдер өтеді. Ол кезеңдер 
жасырын
(инкубация- 
лық), 
бастапцы
немесе юіиника алдындағы (продромальдік), 
клиникалъщ
жэне 
ацыргы
болып бөлінеді.
Зардапты микроб жануар организміне енгеннен соң ауру біраз уақыт 
өткеннен кейін барып білінеді. Осы микробтың енуі мен аурудың алғашқы 
белгілері басталғанға дейінгі уақыт аралығын 
жасырын
немесе 
инкубациялъщ
кезең
деп атайды. Созылмалы түрде өтетін аурулар (бруцеллез, туберкулез, 
маңқа) үшін жасырын кезеңнің соңы ретінде арнайы (аллергиялық немесе 
серологиялық) зерттеулердің оң нэтижесі белгілі болған ,мерзім алынады. 
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бастап (ботулизм, түмау, топалаң) 
бірнеше аптаға (бруцеллез, туберкулез) немесе айға (құтырық, лейкоз) созы- 
лады. Тіпті бір аурудың өзінде де жасырын кезеңнің ұзақтығы эр түрлі бо- 
лады. Ол түскен микробтың дозасы мен уыттылығына, макроорганизмнің 
төзімділігіне, қоршаған ортаның факторларына байланысты өзгеріп отырады. 
Инкубациялық кезең кезінде микроб өсіп-өнеді, тіпті кейбір жұқпалы аурулар
21


(аусыл, кұтырық) кезінде сыртқы ортаға бөлініп шығады. Сондықтан оның 
ұзақтығын індетке қарсы шараларды белгілегенде ескеру қажет.
Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың алғашқы нышаны біліне бас- 
тайды. Бұл клиника алдындағы, 
алгаищы нышан
немесе 
продромальдік кезең.
Оның ұзақтығы бірер сағаттан бастап 1-2 күнге дейін, өзіне тэн клиникалық 
белгілері болмайды. Ауырған мал тынышсызданып, жем-судан қалады, ысты- 
ғы көтеріледі, іші өтеді, немесе құсады. Одан кейін аурудың толық клини- 
калық белгілері білінеді. Бұл кезде осы ауруға тэн негізгі клиникалық сипат- 
тары айқындалады. Бұл белгілері қаншама өзіне тән сипатта болғанымен, 
аурудың клиникалық түрлері сан алуан жэне оның ұзақтығы да эр түрлі 
болатындығын естен шығармау керек.
Аурудың ақыры жайлы болып, малдың жазылуымен немесе жайсыз 
болғанда өліммен аяқталады. Сауығу мерзімі 
реконвалесценция
кезеңі деп 
аталады. Мал толық мүлде сауығып кетуі де, болмаса толық жазылмай денеде 
эр түрлі морфологиялық немесе функциялық ақаулар қалуы мүмкін. Организм 
сауыққаннан кейін әлбетте қоздырушы микробтан да арылады. Бірақ та көп 
жағдайда сауыққаннан соң біраз уақыт (кейде ұзақ мерзімге) микроб орга- 
низмде сақталады да, микроб алып жүру орын алады. Бұл реконвалесцёнтгік 
микроб алып жүруді инфекцияның дербес түрі ауырмаған жануардың микроб- 
ты алып жүруінен ажырата білу керек. Аурудан кейін микроб алып жүру 
індетке қарсы шараларда, оның ішінде карантин мен шектеуді алған кезде 
ескерілуі керек. Микроб алып жүру мерзімі неғұрлым ұзақ болса, карантин 
мен шектеу де соғұрлым жай алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет