Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет19/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Атаулар мен ұғымдар
Инфекция, инфекциялық ауру, микроб алып жүру, иммундеущі суб- 
инфекция, зардаптылық (патогенділік), уыттылық (вирулеңтгілік), улылық 
(токсигенділік), инвазиялылық, агрессин, адгезин, төзімділік (резистенттілік), 
икемділік (реакіивіілік), ауруіа бейімділік, споніанды инфекция, эксиери- 
менттік инфекция, криптогенді. инфекция, моноинфекция, аралас инфекция, 
реиңфекция, суисринфекция, 
рецидив, рсмиисия, рекинвгиісицснция.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Инфекция деген не?
2. Инфекциялық процеске макрооргаңизм және микроорганизмнен басқа 
қандай үшінші күш эсер етеді?
3. Инфекциялық процесс қандай құбылыстардан тұрады?
4. Инфекдияның гүрлеріне (инфекциялық ауру, микроб алып жүру, 
иммундеуші субинфекция) толық сипаттама беріңіз.
5. Микробтың жануар организмінде тіршілік етуінің алғы шарттары 
қандай?
6. Ауру қоздырушы микробтың уыттылық факторларына не жатады, олар 
жануар организміне қалай әсер етеді?
7. Жануар организмінің а)фуға бейімділігі, төзімділігі жэне икемділігіне 
сипаттама беріңіз.
8. Инфекциялық ауру қандай кезеңдерден тұрады?
24


3 mapay
3. Иммунитет және иммунологиялық икемділік
Өзекті мәселелер. Иммунитет туралы жалпы түсінік.
Ветеринариялық иммунология. Конституциялық, фагоцитар-
лық, лимфоидтық иммуногендік жүйелер. Организмнің имму-
нологиялық икемділігі: антидене түзу, жедел типті сезімталдық,
баяу типті сезімталдық, иммунологиялық жады, толерант-
тылық, идиотип-антиидиотиптік қатынас. Туа біткен және
қалыптасқан, табиғи жэне жасанды, белсенді және енжар
иммунитёт.
3.1 Иммунитет және иммуногендік жүйелер
Иммунитет туралы ғылым - иммунология осы заманғы биологияның ең 
жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молеку- 
лалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал жэне егін шаруашы- 
лықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға игілікті ықпал 
етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммуңология инфеқциялық патологияның 
негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны 
инфекциялық иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология
генетика, трансплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық 
емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Бұл ғылымды осылайша жіктеу 
тым жасанды. Негізінде иммунология - ортақ мақсаты мен өзіндік әдістері 
(методикалары) бар біртұтас ғылым. Оның серология, аллергология, иммуно- 
химия, иммуногенетика, өсімдіктер иммунитеті, жануарлар иммунитеті т.б. 
салалары бар. Сол сияқты медициналық жэне ветеринариялық иммунология 
қалыптасты. Ветеринариялық иммуңология барлық ветеринариялық ғылым- 
дармен тығыз байланысты. Оның негізгі бір мақсаты жануарлардың жұқпалы 
ауруларының иммунологиялық механизмдерін зерттеп, сол арқылы жұқпалы 
ауруларды балау, емдеу жэне дауалау жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Иммунитет (элует) латынның 
immunitas
(міндеттен босану) деген сөзінен 
шыққан. Ол - организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның 
ішінде зардапты микробтардан қорғану қабілеті. Иммунитет организмнің ішкі 
ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) жэне оның қызметінің біртұтастығын 
қамтамасыз ететін микробтан бастап адамға дейінгі бүкіл тіршілік иелеріне 
тэн қасиет. Иммунитеттің қалыптасуьща бүкіл организм біртұтас жүйе 
ретінде қатысады. Бұл - тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының, табиғи 
сұрыптаудың паразит пен оның иесінің өзгергіштігінің нәтижесі. Жоғары 
сатыдағы организмдердің арнайы иммунитет органдары бар. Эволюциялық 
жолмен үш түрлі: конституциялық, фагоциттік жэне лимфоидтық иммуно- 
гендік жүйелер қалыптасты.
Конституциялық жүйе немесе конституциялық иммунитет иммунитеттің 
ең ежелгі түрі. Ол күллі тіршілік иелеріне ортақ, ал микробтар мен өсімдік- 
терде иммунитеттің бірден-бір түрі. Фагоциттік жүйе немесе фагоциттік 
иммунитет, омыртқасыз жаңуарларда пайда болды. Ал омыртқалы жануар-
25


ларда иммунитеттің үш інш і _ең жетілген түрі - лим ф оидты қ жүйе пайда 
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет