зерттегенде біраз жаңылыстар туғызады. Мысалы, иттің, мысықтың, шош-
қаның нейтрофилдері адамдікіндей Романовский эдісі бойынша қызғылт-
күлгін түске боялады. Жылқы мея күйісті жануарлардьщ
нейтрофильдері
қышқыл
бояуларды да, негіздік бояуларды да қабылдайды, ал құс иен қоянда
қышқыл бояуларға бейім болады. Сондықтан жануарлардың нейгрофильдерін
арнайы лейкоциттер немесе гетерофильдер деп атау үсынылған.
Бактерияларға қарсы ең белсенді фагоциттер нейтрофильдер болып та-
былады. Эозинофилдер паразит инвазиялары мен жүйелі аллергиялық реак-
циялар кезінде белсенділік көрсетеді. Базофилдер белсенді фагоцит емес.
Оларда гистамин, гепарин сияқты қабыну медиаторлары көп болады да, дэне-
кер үлпалардың шүйгін торшалары (орысша - тучные клетки)
сияқты жіті
қабыну реакцияларының өршуінде маңызды роль атқарады.
Барлық микрофагтар жедел типті сезімталдықтың қалыптасуына қаты-
сады да, ыдыраған кезде лизоцим жэне басқа да микробқа қарсы заттар бөліп
шығарады.
Макрофагтар
немесе
мононуклеарлы
(бір ядролы)
фагоциттер
құры-
лысы жағынан полинуклеарлы торшалардан айырмашылығы олардың сег-
менттелмеген біртүтас торшаның негізгі бөлігін алып жатқан ядросы болады.
Осындай ерекшелігі бойынша лимфоциттерді де мононуклеарлы торшалар
деп атайтындығын айта кеткен жөн. Мононуклеарлы фагоциттерге моноцит-
тер мен макрофагтар жатады. Бұлар - мононуклеарлы фагоциттер жүйесін
қүрайтын ұлпаларда бекітілген жэне көшпенді фагоциттер.
Олар ортақ
алғызат - промоноциттен туындайды. Промоноцит сүйек майында түзіледі де,
бөлінген кезде моноцитке айналып, қанға түседі. Бірнеше сағат қан айна-
лымында болған соң ұлпаларда іркіліп, макрофагқа айналады. Бұндай өзгеріс
үшін фагоцитоз объектісі (бөтен антиген, организмнің өлген торшалары)
болуы жэне оның моноцитпен тұтылуы қажет. Фагоциттің нәтижесінде
моноцит эр түрлі үлпаларда іркіліп, мононуклеарлы жасушалар жүйесіне
(бұрын ретикулді эндотелий жүйесі деп аталған)
жататын макрофаг торша-
ларына айналады. Оларға жататындар: дәнекер үлпада - гистиоцит, бауырда -
Купфер торшасы, өкпеде - альвеола макрофагы, сөл түйіні макрофагы, көк-
бауыр макрофагы, сүйекте
- остеобласт жасушалары, жүйке ұлпасында -
микроглия, құрсақ қуысында - перитонеальдік макрофаг, теріде - Лангерганс
жасушалары.
Әр түрлі мүшелердегі макрофагтардың функциялық айырмашылығы бо-
лады. Мысалы бауырдың Купфер жасушалары негізінен өлген эритроциттерді
жояды, ал көкбауыр макрофагтарының белсенділігі
бактерияларға бағыттал-
ған. Купфер жасушалары көкбауыр макрофагтарымен салыстырғанда анти-
гендік информацияны да нашар сақтайды.
Макрофагтарды А-жасушалар деп атайды. Олар фагоциттелген түйір-
шіктерді толық ыдыратпай, антигендік информацияны Т-көмекшілерге бере-
ді, оның үстіне интерлейкин-1 бөліп, Т-көмекшілерді іске қосу арқылы баяу
типті сезімталдықтың патогенезіне қатысады. Макрофагтар арқылы болған
фагоцитоз иммунитет реакциясының бастапқы сатысы болып табылады.
Оның нэтижесінде антигендік информация лимфоциттерге беріліп, лимфо-
28
циттер іске қосылады. Сонымен қатар макрофаттар
иммунитетке қатысы бар
біраз заттарды: комплементтің кейбір компоненттерін (С1, С4, .С2, СЗ,С5),
лизоцим, интерферон, пропердин, т.б. синтездейді.
Фагоцитоздың бөтен антигенді ыдыратыгі, организмнен шығару үщін де
маңызы зор. Бұл процеске фагоциттермен қатар антиденелер мен комплемент
қатысады. Олар антигенді фагоцитозға дайындайды. Комплемент жүйесі іске
қосылғанда, оның кейбір бөлшектері (СЗ, С5а) хемотаксистік қасиеттері
арқылы фагоцитозды одан ары үдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: