Тұмауды ринопневманиядан, герпесвирусты инфекциядан, аденовирус-
тық жэне реовирустық инфекциялардан, сақаудан ажырату қажет. Ринопнев-
манияның жүғымталдығы тұмаудан төмен жэне жасырын кезеңі ұзағырақ бо-
лады. Буаз биелер 7-10 айлығында іш тастайды немесе шалажансар құлын
туады. Герпесвирустық инфекцияның жіті түрімен тек қана жаңа туған кұ-
лындар ауьфады, ал ересек жылқыда жасырын өтеді. Аденовирустық инфек-
ция кезінде құлынның тыныс мүшелерінің зақымдануымен бірге іші өтеді.
Бұрынғы ауру болмаған жерде өлім көрсеткіші 100% дейін жетеді. Біздің
елде бұл ауру элі байқалған емес.
Реовирустық инфекция қүлынның күтімі нашарлағанда байқалады, кли-
никасы тұмауға өте ұқсас, серологиялық жэне вирусологиялық тексеру арқы-
лы ажьфатылады.
Сақау кезінде алқым бездері ісініп, құлын кісіней алмайды, ісінген сөл
түйіндері мен бездері іріңдейді. Негізінен жас малдар ауырады.
Емі. Ауьфған жылқыны оқшаулап, күтімін жақсартады. Түмау жеңіл
өткенде бірнеше күн жақсылап күтқенде ещқандай емсіз-ақ аурудың беті
қайта бастайды. Тұмау бактериялық инфекциялармен асқынғанда антибиотик-
тер мен сульфаниламид препараттарын қолданады, сонымен қатар, симптома-
тикалық дәрілер беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: