Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатөмиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет287/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатөмиялық өзгерістер. 
Делбеден өлген жылқының 
денесіндегі патологиялық-анатомиялық сипаты бір тектес келеді. Теріасты 
шелі, ішкі қуыстардың сірі жэне кілегейлі қабықтары сарғайып, үлпершек 
ағзалар мен жүректе үсақ және жолақты қанталаулар болады. Жүректе, кеңсі- 
рікте, қуық пен ішектің кілегейлі қабықтарында қанталау түрақты кездеседі.
Қарын әлбетте құрғақ, тығыз жынға толып, керіліп түрады, қабырғасы 
жүқарады. Кілегейлі қабығын қан кернеп, ойылымданып, бетінде жалқақтан- 
ған сүйық болады (катарлы гастрит). Аш ішектің кілегейлі қабығы қалыңдап, 
асты қанталайды. Тоқ ішекте ұсақ қанталаулар болады.
Бауыр көбінесе кішірейіп, босаңсып, шеті жүқарады. Тіліп қарағанда 
алабүртып, түрі сарғыш, кейде қоңыртым тартады. Бауырдың кесіндісін бекі- 
ту үшін формалинге салғанда, ерітінді жасыл түке боялады. Кейде бауырдың 
аздап үлғаюы мүмкін. Онда түсі қызыл топыраққа ұқсас, консистенциясы 
болбыр болады. Көбінесе көк бауырда атрофиялық өзгерістер кездеседі. 
Жүрек аздап үлғайып, босаңсып, жүрек етінде ноқатты қанталаулар үшыра- 
сады. Бұлшық еттері де босаңсып, сіңірлері сарғыш тартады.
Ішкі мүшелерде ауруға тэн гистологиялық өзгерістер кездеседі. Бауыр 
торшаларының үялық қүрамы бүзылып, май басып, дистрофиялық өзгерістер- 
ге ұшырайды. Бөлікаралық үлпада, бөліктерінің ішінде үнемі инфильтрат 
жиналады. Бұл өзгерістер диагноз қоюға негіз болады.
Көк бауырда гемосидерин азаяды. Бүйректерде қан тоқырап, иір түтік- 
шелерінің эпителийі бұлдырап ісінеді. Мида қан тамырларын қан кернеп
кейде домбығу байқалады, ноқатты қанталаулар кездеседі, жүйке жүйесіндегі 
өзгерістер дегенеративті бағытта болады.
Балау. 
Біздің аймақта, бұрынғы Кеңес Одағында кездесетін делбені зерт- 
ханалық балау жолға қойылған жоқ, ол үшін арнайы диагностикумдар шыға- 
рылмайды. Жалпы балау жоғарыда айтылған індеттанулық, клиникалық, ге- 
матологиялык жэне патологиялық-анатомиялық деректерге жэне гистология- 
лық зерттеудің нэтижесіне негізделеді.
3 6 5


Жылқының жаз-күз мезгілінде жүйке жүйесінің зақымдану белгілерінің 
білінуі, кілегейлі қабықтарының сарғайып, ішек-қарынның сапдануы, өткен 
жылдарда аурудың кездесуі делбеге диагноз қоюға мүмкіндік береді. Бұл 
ауруды құтырықтан, ринопневманиядан, Ауески ауруынан, ботулизмнен, 
жемшөптен уланудан, Борн ауруынан, жапондық және америкапық энцефало- 
миелиттен ажырату қажет.
Емі. 
Ауру жылқыны оқшаулап, қараңғы, кең қорада, мол төсеніште ұс- 
тайды. Жануардың тік ішегін тазалап, қуығына катетер жіберіп, босатып, мас- 
саж жасайды. Зонд арқылы қарынына тэулігіне 2 рет 100-150 г натрий суль- 
фатын суға езіп жібереді, тері астына 4-6 сағат сайын 20 мл камфора майын, 
көк тамырына 25 г уротропин, 20 г калыдий гидрохлоридін 400 мл физиоло- 
гиялық ерітіндіде ертіп жібереді. Оксигенотерапия жақсы нәтиже береді. Көк 
тамырға ас тұзының 200 мл гипертониялық ерітіндісін беру (2-3 тәулік ара- 
латып) емнің нэтижесін арттырады.
Иммунитет. 
Ауырып жазылған жылқыда күшті иммунитет қалыптасады. 
Энцефалиттің эр түріне қарсы вакциналар қолданылады. Венесуэла энцефа- 
литіне аттенуацияланған вирустың ТС-83 штамынан даярланған вакцина
шығыс жэне батыс энцефалиттеріне қарсы бивалентті өлтірілген вакцина, 
жапон энцефалитіне тышқанның миынан алынған фармоловакцина қолданы- 
лады. Біздің аймақтағы энцефапитке қарсы вакцина даярланған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет