Дерттенуі.
Вирус жылқының денесіне
қан сорғыш жәндіктер арқылы
енеді, қан мен сөл арқылы эр түрлі ағзаларға түседі. Миға өткен вирус мидың
қыртысы мен қыртыс астындағы қабыну процестерін тудырады. Симпатика-
лық жэне парасимпатикалық жүйелердің қызметі бұзылып, рефлекторлық
қозу күшейіп, нэтижесінде
жануар шектен тыс мазасызданып, тер басып, ор-
ганизм сусызданады. Ішкі мүшелерде, әсіресе, бауыр мен бүйректе, дистро-
фиялық өзгерістер өрбиді. Қандағы зат алмасу өнімдерінің өңделуі бүзылып,
нэтижесінде билирубиннің мөлшері артып, көзге көрінетін кілегейлі қабық-
тар,
ішкі сірі қабықтар, тері асты шелі сарғаяды. Қанда хлоридтер азайып,
ацидоз, аноксемия, гликемия, азотемия орын алады.
Орталық жүйке жүйесі қызметінің бүзылуы, дененің сусыздануы мен
азғындауы, интоксикация жэне жүрек қызметінің жеткіліксіздігі жануардың
өліміне әкеп соғады.
Аурудан жазылған малда мықты иммунитет қалыптасады.
Ондай жа-
нуарлардың қанында вирусқа қарсы антиденелер 2 жылдан артық сақталады.
Жылқы делбемен қайталап ауырмайды.
Өтуі мен симптөмдары.
Жасырын кезеңі табиғи жағдайда 15-40 күн,
қолдан жүқтырғанда 4-5 күн. Делбеге тэн клиникалық белгілер пайда болар
алдында бірнеше сағаттан 3-5 күнге дейін аурудың алғашқы нышандары
байқалады. Бүл кезде дененің ыстығы біраз көтеріліп, жылқы жемге қарамай,
мінезі күрт өзгеріп жасқаншақтық пайда болады.
Біртіндеп терісінің сезім-
талдығы төмендеп, кейбір бүлшық еттері дірілдейді, еріндерін қайшылайды.
Кілегейлі қабықтары сарғыш тартып, уақыт өткен сайын күшейе түседі.
Ауру эбден білінгенде жылқы жүргенде теңселіп, шатқаяқтайды. Басын
шайқап, тістерін шықырлатады. Ішектің пристальтикасы
баяулап немесе
мүлдем тоқтайды. Жылқы денесінің сусыздануы жэне зат алмасуының бұзы-
луынан күрт арықтайды. Жануар бастапқыда мазасызданып, тынши алмайды,
кейінірек ішектің қозғалысы тежеліп, салданады.
Аурудың барлық кезінде
46-сурет. Делбемен ауырган жылцы басын цабыргага тіреп түр.
364
малдың жүрісі бұзылып, денесін дұрыс меңгере алмайды. Ауру жылқы жүріп
келе жатып, кенеттен тоқтап, ұзақ уақыт мүлгіп, аяқтарын талтайтып, басын
төмен түсіріп тұрып қалады да,
кенеттен алға ұмтылып, кедергііе тіреліп
немесе жарға кұлап, әйтпесе айналшықтап бір орында жүре береді. Жығылса
тұруға ұмтылып, орынынан көтерілгенде ит құсап, шоңқиып отырып қалады.
Орталық жүйке жүйесі
қатты зақымданса, терінің сезімталдығы артып,
жұтынуы бұзылып (дисфагия), көздің көруі нашарлайды. Жайылымдағы жыл-
қылардың бірден көзге түсетін белгілері - қыр мұрынның үстіндегі терісіне,
үстіңгі жэне астыңғы еріндеріне бөріткен түседі. Дененің ыстығы көбінесе
өзгеріссіз болады.
Гематологиялық зерттеу аурудың бастапқы
кезінде гемоглобин мен эри-
троциттердің көбейгенін көрсетеді. Ауру шегіне жеткен кезде гиперлейко-
цитоз, нейтрофильдер тобының күрт дегенератиптік солға қарай ауысқандығы
байқалады. Билирубин 8-12 бірліктен (сау малда) 10-90 бірлікке дейін көтері-
леді. Эритроциттердің шөгу жылдамдығы 1 сағатта 16-18-ден 20-25 бөлікке
баяулайды.
Достарыңызбен бөлісу: