Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет289/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Тарихи деректер. 
Шошқа обасы алғаш 1833 ж Солтүстік Америкада 
анықталып, жазылған болатын. 19-ғасырдың 60-жылдарында оба Еуропа ел- 
дерінің көпшілігінде кеңінен тарап, 20-ғасырдың 50-жылдарына дейін шошқа 
өсірумен шұғылданатын дүниежүзі елдерінде індет ретінде жиі байқалды. Оба 
вирусын алғаш 1903 ж американ ғалымдары Швеиниц пен Дорсет анықтады. 
1908 ж Дорсет пен Уленгут обаға қарсы гипериммунді қан сарысуын алып, 
оны вируспен бір мезгілде егіп, обаға қарсы иммундеудің симультанды эдісін 
пайдаланды. АҚШ-та 1936 ж Мак-Браид, КСРО-да 1939 ж И.И. Кулеско 
шошқа обасына қарсы өлтірілген кристаллвиолет вакцина әзірледі. Үстімізде- 
гі ғасырдың 50-жылдарынан бастап шошқа организміне реактогендік қасиет- 
тері эр түрлі, қоян организмінде өсуге бейімделген элсіретілген штаммдардан 
(Ровак, SFA, Гудзон) дайындалған қүрғақ вирусвакциналар пайдаланыла бас- 
тады. Сондай-ақ, К штамынан торша өсіндерінде өсірілген вирусвакцина да 
дайындалды. Бұрынғы КСРО да обаны зерттеп, оған қарсы шараларын ұйым- 
дастыруда П.С. Саломкин, Н.В. Лихачев, И.И. Кулеско еңбектерін атаған жөн.
Қоздырушысы 
-
European shwinefever pestivirus,
қүрамында РНҚ бар 
Togoviridae
түқымдастығына 
Pestivirus
туыстастығына жатады. Көлемі 35-40 
нм. Иммунологиялық қасиеті жағынан бір-біріне туыстас екі серологиялық 
топтан (A, В) түратын бір типке жатады. А тобына барлық жастағы шошқа- 
ларда жіті өтетін індет қоздыратын, қоянға бейімделген жэне төменгі темпе- 
ратурада торша өсінділерінде өсетін вакциналық штаммдар жатады. В тобына 
жататын штаммдар негізінен торайларды ауыртады, ал басқа топтарда созыл- 
малы немесе телімсіз емес түрін қоздырады. Бүл топтарды бір-бірінен ажы- 
рату үшін қыздыру арқылы белсенділігін жою әдісін, өзара бейтараптау
иммунофлуоресценция реакцияларын кешенді түрде қолдану жэне торайларға 
қойылатын биосынама пайдаланылады.
Шошқа обасының вирусы мен сиырдың диареясы вирусының антигендік 
туыстығы бар.
Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді. Бүл вирусқа 
тек қана шошқа бейім. Ауырып жазылған жануарлардың қанында вирусты 
бейтараптайтын, агглютинациялайтын жэне комплементті байланыстыратын 
антиденелерді кездестіруге болады.
Вирус шошқа эмбрионының алғашқы торша өсінінде жэне қайталап 
егілетін ПК-15 торшасының өсінінде өсіп-өнеді, ЦПӘ тудырмайды. Вирус- 
тың өсінде бар-жоғын жэне індеттік белсенділігін ИФР арқылы анықтайды.
368


Шошқа обасының вирусын қоян организміне бейімдеп өсіруге болады, 
соның негізінде олардың шошқаға уыттылығы төмендеп вакцина дайын- 
дайтын штаммдар (SFA, К) алынады. Сондай-ақ вирустың торша өсіндерінде 
өсуге бейімделген штаммдары да бар.
Төзімділігі. 
Вирус 60°С 10 минутта, ал қайнатқанда сол сәтте күшін 
жояды. Шошқа қораларда 1 жылға дейін уыттылығын жоймайды. Төменгі 
температурада жақсы сақталады -5°С-та қандағы вирус 6 ай, ал оған 0,5% 
карбол қышқылын қосқанда 1 жылдан артық уыттылығын жоймайды. Тоңа- 
зытылған етте 2-4 ай, тұздалған етте 10 айдан артық, ысталғын етте 3 ай, 
мұздатылған етте бірнеше жылға дейін уыттылығын сақтайды. Өлексе мен 
көңде 3-5 күнде, топырақта 1-2 аптада күшін жояды. Дезинфекция жасау үшін 
күйдіргіш натрийдің 2-3%, формальдегидтің 2,5% ерітінділері, хлорлы эктің 
судағы 15-20% түнбасы пайдаланылады. Олар вирусты 1 сағатта өлтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет