г«мен жэне созылмалы іүрінде өткенде жануардың табиғи төзімділігі әлсіреп,
иммундік жүйенің жүмысы бұзылады. Нэтижесінде орі анизмдегі 'шартты
түрде зардапты микроорганизмдер (сальмонеллалар, пастереллалар, т.б.) ке-
бейіп, негізгі ауру қосалқы инфекциямен асқынады. Мүндайда кебінесе «кие-
де крупозды, тоқ ішекте крупозды-дифтериттік қабыну өрбіп, шошқа әлсірен,
арықтап, өліп қалады.
Өтуі және симптомдары.
Аурудың жасырын кезеңі 5-8 тэулік.
Көбінесе
жіті, жітіден төмен, созылмалы, ал сирегірек оба аса жіті түрде өтеді.
Аса жіті түрінде
жану
ар л ар д ың қызуы кагеріліи (41 °С жэне одан жо-
ғары), жүрек соғуы жэне гынысы жиілеп, к^сьіп, тёріде ақ-қызыл дақтар гіай-
да больіһ' жьшдам элсіреп, 1 2 күнде өледі. Обаның бұл гүрі көбінссе ауруға
сезімтал жас малдарға тэн.
Аурудың
жіті түрі
негізінен індет жаңа басталған кезде байқалады.
Мұндағы инфекцияның басты белгілерінің бірі - дене қызуыңың тұрақты
түрде жоғары болуы (40-41°С)Г Жануардың күйі кетіп, әлсіреп, 2-3 күннен
кёйін қүсып,
іші қатып, кейіннее іші өтіп (кейде қан аралас), көздің қасаң
қабығы қабынып, кілегейлі-іріңді сора ағадьі. Буаз мегежіндер іш тастайды.
Танаудың кілеіейлі қабыіы қабыньш, кейде қан а*ады. Ауру шошқалар
көбінесе жатады, селқостанып, шөліркейді, жүргенде белі1
бүкірейіи, аріқы
аяқтарын нық баса алмай, шатқаяқтайды.
Санның ішкі бетінің, мойынның,
құлақ түбі, іштің төменгі жағы терісінде сарғыш, сұйыққа толы күлдіреуіктер
пайда болады, оларға кейіннен қан құйылып, бір-біріне қосылып, қолмен
басқанда кетпейтін қара-қошқыл дақтарға айналады.
Ауру шошқаның жалпы әлсіреуіне оның тынысының жиілеп, қиналыгі
демалуы, жүрек жүмысының
нашарлауы қосылып, кейіннен аяқтың, іштің,
қүлақтың терісі кекшіл тартады. Қанда ликопения байқалады. Кәбінесе ауру
7-10 күннің ішінде өліммен аяқталады. Өлердің алдында шошқаның дене
қызуы 35-36°С-қа дейін төмендейді.
Ауру аса жіті, жіті түрде өрбігенде, кейбір жануарда жүйке жүйесінің
зақымдану белгілері басым болады (аурудың жүйкедегі түрі). Ондайда шош-
қаның аяғын шалыс басуы, бүлшық
еттері дірілдеп, қүрысуымен қатар кейде
кенеттен эпилепсиялық ұстамасы қозып, одан кейін қатты әлсіреп қалады,
Мүндайда ауру жануар жылдам титықтап, тез өледі.
Обаның
жітіден төмен түрі
2-3 аптаға созылып, негізінен тыныс алу
(кеудедегі түрі) жэне ас қорыту (ішектегі түрі) жүйелері зақымданады. Егер
өкпе зақымданса крупозды қабыну өрбіп,-шошқа қиналып, сырылдап дем
алып,
ышқынып жөтеліп, кеудесін басқанда ауырсынады. Аурудың ішектегі
түрінде тоқ ішектің кілегейлі қабаты крупозды-дифтеритті қабынып, іші өте-
ді. Дененің мезгіл-мезгіл қызуы көтеріліп, арықтап, элсіреп, эрең қозғалып,
көбінесе бір орында жатып, негізінен өлГммен аяқталады. Аурудың ақыры
сэтті болған
жағдайда шошқа жемге қарап, іші өтуі тоқтап, бірте-бірте жа-
зылады, бірақ, жазылғаннан кейін 10 айға дейін вирус алып жүруші болып қа-
лады.
Обаның
созылмалы түрі
екі айға және одан да үзақ уақытқа жетеді.
Ш ош қаның оқтын-оқтын іші өтіп, мезгіл-мезгіл қызуы көтеріліп, жөтеліп,
371