тарын зарарсыздандырғаннан кейін ғана шаруашылыққа әкелінуін қатты қа-
дағалау қажет.
Шошқа фермаларында тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді
қатаң сақтап, төменде көрсетілген жағдайларда дауалау мақсатында вакцина
егеді;
- обамен сау емес шаруашылықтан аурудың ену қаупі туған жағдайда;
- эр жерден экеліп шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда жэне жемге
асхана, тағам, қасапхана қалдықтарын пайдаланғанда;
- ет өңдейтін өндіріс орындарына жақын орналасқан жэне жабайы
шошқалар арасында оба бар немесе соңғы 3 жылда оба байқалған аймақта
орналасқан шошқа шаруашылықтарында.
Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық обадан сау емес деп жария-
ланып, карантин қойылады. Қатер төнген аймақтың шекарасы анықталады.
Шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда ауру шыққан қорадағы шош~
қалардың барлығын союға жібереді. Тұқымдық
жэне төл алатын шаруашы-
лықтарда тек қана ауырған, ауруы күмэнді, тыныс алу жэне ас қорьггу жү-
йелері зақымдануының клиникалық белгілері бар және өспей қатарынан қал-
ған шошқаларды жояды. Қалған жануарларды дене қызуы қалыпты болған
жағдайда обаға қарсы егеді. Жаңа туған торайларға туғаннан кейін бірнеше
сағаттан соң вакцина жібереді.
Шошқаларды сол ауру шыққан фермада жабдықталған арнайы сою пунк-
тінде немесе ет комбинатының санитариялық қасапханасында сояды. Обамен
ауру не ауруы күмэнді
шошқаларды сойғанда, олардың терісін сыпырмайды,
оны қайнаған сумен шылайды не күйдіреді. Өлексені өртейді.
Сонымен қатар қоздырушыны сыртқы ортада жоюға бағытталған шара-
лар жүргізіледі. Ауру шыққан шошқа қораларын жэне станоктарды ауру бай-
қалған сайын механикалық жолмен тазалап, дезинфекциялайды, ал одан кейін
карантин алынғанша эр 5 күн сайын тазалап, дезинфекциялайды.
Шошқаның
қиын биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады, қүнсыз күрал-жабдықтарды
өртеп жібереді.
Шаруашылықтан карантинді соңғы обамен ауырған шошқа өлгеннен не
сойылғаннан кейін, олардан алынған етті зарарсыздандырып тиісті ветерина-
риялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін 40 күн өткен соң алады.
Карантин алынғаннан кейін де шаруашылықта 12 айға дейін шектеу
сақталады. Сондықтан қалған шошқалар, олардан алынған өнімдер басқа жақ-
қа шығарылмайды (ет комбинатынан басқа).
Қалған шошқалардың барлығын
семіртуге қойып, етке өткізеді. Одан кейін тиісті шараларды іске асырып,
қорытынды дезинфекция жасап барып, шектеуді алады.
Атаулар мен ұғымдар
Шошқаның обасы, Pestis suum, чума свиней, European shweinefever
pestivirus. Оба вирусының А жэне В серологиялық топтары, обаға қарсы К
штамының вакцинасы,
ВНИИ ВМ и В вакцинасы, ВГНКИ вакцинасы.
375
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мәселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерек-
шеліктері, дерттенуі,
өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгеріс-
тер, бапау, емі, иммунитет, дауаиау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Шошқа обасынан сақтандыру шараиарыыың шекара бекеттері мен кеден
аймақтарында қалай жүргізілетініне талдау жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: