Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет296/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Өлексенің сіресуі тез арада 
басталады. Геморрагиялық диатез және лимфоидты ағзалардың зақымдану 
белгілері байқалады. Ауыздың, қынаптың, артқы тёсік пен конъюнктиваның 
кілегейлі қабықтары көкшілденіп, қанталайды. Артқы тесік пен мұрыннан қан 
немесе қан аралас сүйық ағады. Теріде көптеген қанталаулар болады. Сөл 
түйіндері ұлғайып, қанталап, оларда ұйыған қан немесе гемотома кездеседі. 
Көкірек жэне қүрсақ қуыстарында фибрин, кейде қан аралас серозды гемор- 
рагиялық экссудат болады. Көк бауыр қара қошқылданып, шектен тыс үлғая- 
ды (кейде 6 есе), басқа ішкі ағзалар да үлғайып, ісінеді, көптеген қанталаулар 
кездеседі. Өкпенің домбығуы байқалады. Тері астындағы шелдің, құрсақ 
қуысындағы ағзалардың, шажырқайдың қан тамырлары ұйымаған қанға толы 
болады. Бүйректер қанға толы, бауыр мен өттің қабы ұлғайған. Ағзаларда 
дистрофиялық жэне өліетіену құбылыстары байқалады.
Балау 
Ауруға диагноз қою індеттанулық талдауға, клиникалық белгі- 
леріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне жэне зертханалық зерттеулердің 
нэтижелеріне негізделеді. Вирусты бөліп алу, оны гемадсорбция, иммуно- 
флуоресценция, иммуноферментті реакцияларда анықтау түпкілікті диагноз 
қоюға мүмкіндік береді. Ауруды анықтау үшін кэдімгі обаға иммунді шош- 
қаға биосынама қою міндетті шарттардың бірі болып есептеледі. Ауруды 
кэдімгі обадан, тілмеден, пастереллезден, сальмонеллезден, топалаңнан ажы- 
ратып балау қажет.
Дауалау және күресу шаралары. 
Африка обасынан жазылған шошқада 
ауруға қарсы әдетте айтарлықтай иммунитет қалыптаспайды. Ауруға қарсы 
қолданылатын сенімді вакцина жоқ. Тірі вакцина егілген жануарларда ауру- 
дың созылмалы өтіп, ұзақ уақыт вирус алып жүруге жағдай жасайды.
Аурудың алдын алу үшін елге вирус алып келуді болдырмауға бағыттал- 
ған ветеринариялық-санитариялық шаралардың кешенін жүргізу қажет. Ауру 
байқала қалған жағдайда індет ошағына карантин қойылады. Ол жердегі бар- 
лық шошқаны қанын шығармай өлтіреді. Шошқаның өлекселерін, көңді, жем- 
нің қалдықтарын, арзан қол жабдықтарды жағып жібереді. Қораны 3-5 күн 
сайын 3 рет 4% белсенді хлоры бар хлорлы әкпең, 2-3% белсенді хлоры бар 
натрий немесе кальций гипохлоридімен, формалин препараттарымен дезин- 
фекциялайды. Срңымен қатар, дератизация жэне дезинсекция жасалады. Ка- 
рантин ауру шыққан территориядағы және қатер төнген аймақтағы барлық 
шошқаны жойғаннан кейін 30 күн өткенде алынады. Ауру шыққан қораларға 
карантин алынған соң 6 ай өткеннен кейін, биологиялық сынамадан теріс 
нэтиже алынған жағдайда ғана, шошқаларды орналастыруға болады.
Атаулар мен ұғымдар
Шошқаның африка обасы, Pestis africana suum, африканская чума свиней. 
African swinefevervirus.
378


Бақылау сұрақтары
1. Ауруға катысты өзекті мәселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Шошқаның африкалық обасының неліктен лаң (панзоотия) ретінде қа- 
растырылатынын түсіндіріңіз. Халықаралық талаптар бойынша елдің, немесе 
аймақтың, бұл аурудан таза деп есептелуі үшін қандай талаптар қойылады 
жэне бұл талаптарда үй шошқалары мен жабайы щошқалардың індеттік жағ- 
дайларына қаншалықты көңіл бөледі? Пікіріңізді тиіеті құжаттарға сүйеніп 
дэлелдеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет