Ауру қоздырушысының бастауы - ауру, ауырып жазылған микроб алып
жүруші шошқалар. Микроб алып жүруші
шошқалардың аурудьщ тұрақты
ошақтарын құруда алатын орны ерекше, олар қоздырушыны сыртқы ортаға
нэжіс арқылы бөледі.
Ауру сау шошқаларға оларды ауру немесе микроб алып жүруші шошқа-
лармен бірге ұстағанда, не ауру малдар тұрған
қораларды дұрыс тазалап за-
рарасыздандырмай оған саударын қамаған жағдайларда жұғады. Ветерина-
риялық-санитариялық ережелерді сақтамаған жағдайда індет жемсу, төсеніш,
құрал-сайман, күтуші қызметкерлер арқылы таралады. Ауру негізінен қорек
жолы арқылы жұғады.
Дизентерияның қоздырушысын апып жүрушілік кең орын алған шаруа-
шылықтарда ол торайлардың ас қорыту жүйесінің
қалыпты микрофлора-
сының құрамына еніп, орын тебуі мүмкін. Мүндай жағдайда жемнің са-
пасының, күтіп бағу дэрежесінің төмендеуі, эр түрлі стресс факторлардың
әсерінен індеттік ақуалдың шиленісіп, індеттің жаңадан қаулауы мүмкін.
Індеттік
процестің қарқыны, аурудың клиникалық сипатының біліну
дэрежесі, өлім көрсеткіші жаппы малдардың күтім-күйіне, жас мөлшеріне,
өндірістік технологияның дүрыс сақталуына, ветеринариялық-санитариялық
қызметтің өз дәрежесінде жүргізілуіне байланысты болады.
Ауруға шалдығу
көрсеткіші 90-100% болып, 2-3 тэуліктің ішінде табындағы малды түгел қам-
туы мүмкін. Ауру әсіресе, 1,5-6 айлық торайларда зілді өтіп, олардағы шығын
көрсеткіші 30-90% болды. Сақа шошқалар сирек ауырады,
көп шығын бол-
майды, бірақ, ауырған малдар жылдам арықтап, салмағын жоғалтады.
Дизентериядан сау емес шаруашылықтарды сауықтыру мерзімі онда
жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық жэне емдеу-дауалау шаралары-
ның жүйелі, уақытында жасалуына байланысты. Олай болмаған жағдайда,
індет процесі арасына 3-4 аптадай уақытта қайталанып, ұзаққа созылады.
Дерттенуі.
Боррелийлер шошқа организміне қоректік жолмен енгесін тоқ
ійіекке жетіп, оның кілегейлі қабығына жабысады.
Бактериялардың белгілі
бір бөлігі өліп, олардан кілегейлі қабықты тітіркендіретін аллергендер бөлініп
шығады. Оның әсерінен кілегейлі қабық қабынып, өткізгіш қабілеті өзгеріп,
қоздырушылар көптеген мөлшерде ішектің терең қабаттарына еніп, ол
жерде
морфологиялық өзгерістер туғызады. Әсіресе бокал тэрізді торша-лар көбе-
йіп, ішек секрециясы бұзылып, дисбактериоз қалыптасады. Осылардың әсері-
нен пайда болған улы заттар қан арқылы ішкі мүшелерге еніп, оларда дис-
трофиялық жэне функциялық өзгерістер өрбиді.
Тоқ ішектегі зардапты өз-
герістер бірнеше сатыдан өтеді:
- жіті түрде катарлы қабыну;
- ішектің кілегейлі қабығында фибриннің шоғырла-нуына экелетін
геморрагиялық-дифтериялық қабыну;
- кілегейлі қабықта уытты жаралардың пайда болып, жазылып, тыртық-
тануына әкелетін фибринозды-өліеттеніп қабыну.
Достарыңызбен бөлісу: