Оқулық. Алматы, 518 бет


Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет302/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дауалау және күресу шаралары. 
Тілмеден шаруашылықты дауалау 
үшін арнайы жэне жалпы сақтандыру шараларын жоспарлы түрде жүргізу 
қажет.
Жалпы дауалау шараларына ветеринариялық-санитариялық ережелерді 
қатаң сақтау, шошқалардың жемін, күтімін технологиялық талаптарға сәйкес 
үйымдастыру, рационның қүрамын протеин, микроэлеменнтер, витаминдер- 
мен қамтамасыз ету жатады.
Арнайы шаралардан ең маңыздысы шаруашылықтағы жэне жеке мен- 
шіктегі 2 айдан асқан шошқалардың барлығын вакциналау.
Шаруашылықта тілме анықталған жағдайда, ол тілме жөнінен сау емес 
деп есептелініп, шектеу қойылады. Нұсқауға сәйкес шаруашылыққа шошқаны 
экелуге, шьіғаруға, зарарсыздандырылмаған шошқа өнімдерін, жемшөпті шы- 
ғаруға шектеу қойылады.
Барлық мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, аурудың белгісі бар- 
ларын оқшаулап, емдейді. Қалған сауларын вакциналап, 10 күн бойына бақы- 
лайды. Қажет болған жағдайда ауру шошқаларды арнайы жабдықталған жер- 
де сояды. Олардың етін қайнатқаннан кейін пайдалануға рұқсат етіледі. Әрбір 
ауру мал бөлінген сайын шошқа түрған үйшікті тазалап, жуып, хлорлы эктің 
түнбасымен немесе күйдіргіш натрийдің 4% ыстық ерітіндісімен зарарсыз- 
дандырады.
Өлекседен сыпырған немесе сойылған ауру шошқа терісін қүрамында 1% 
түз қышқылы бар ас түзының 10% ерітіндісіне 48 сағатқа батыру арқылы 
зарарсыздандырады.
Шаруашылықтан (фермадан) шектеуді соңғы тілмемен ауырған шошқа 
жазылғаннан, не өлгеннен кейін барлық жануарларды вакциналап, қорытын- 
ды дезинфекция жүргізгеннен кейін 14 күн өткесін алады.
Атаулар мен ұғымдар
Шошқаның тілмесі, Erysipelas suum, рожа свиней, Erysipelothrix insidiosa. 
Тілмеге қарсы Коневтың К штамынан деполандырылған вакцинасы, Румы- 
нияның ВР-2 штамының вакцинасы.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
384


ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық ■
өзгерістер, 
балау, ёмі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Шошқаның обасы мен тілмесінің қандай ұқсастықтары мен айырма- 
шылықтары бар екеніне, бұл ауруларды бір-бірінен қалай ажырататынына 
талдау жасаңыз. 
*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет