Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет303/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

12.4. Дизентерия
Дизентерия 
(Dyzenteria suum ,
дизентерия) - жүғымтал келіп, тоқ іщектің 
дифтериялы-геморрагиялық жэне өліеттеніп қабынуымен, қан аралас іш 
өтумен, арықтаумен ерекшеленетін жүқпалы ауру.
Тарихи деректер. 
Ауруды алғаш анықтап жазған 1921 жылы американ 
ғалымы С.Р. Дойль болдьі. Итальян ғалымы Ронкаллидің (1975) мэліметтеріне 
қарағанда ауру жер жүзінің барлық елдерінде кездёседі. Алғашқы деректер 
жарияланғаннан кейінгі 50 жыл ішінде бұл аурудың негізгі қоздырушысы 
анықталмағандықтан, баспа бетінде эр түрлі атпен (вибриоз, балантидиоз, 
спирохетоз, т.б.) аталып келді.
Қазақстан Республикасының шошқа шаруашылықтарында бұл ауру кез- 
десіп түрады жэне айта қаларлықтай шығынға үшыратады. Американ ғалымы 
Харистің деректеріне қарағанда АҚШ-тағы дизентериядан келетін экономи- 
калық шығынның мөлшері жылына 34 млн. долларға жетеді.
Қоздырушысы 
-
Borrelia hyodysenteria
-
Treponemataceae
тұқымдас- 
тығының 
Borrelia
туыстастығына жатады. Үзындығы 6-9 мкм, көлденеңі 0,3- 
0,4 мкм, грамтеріс, ауасыбағасыз спирохета, сұйық ортада жылан сияқты 
қозғалады. Анилин бояуларымен, соның ішінде генцианвиолетпен жақсы боя- 
лады. Микроб тек қана ауасыз ортада өседі. Өсіру үшін триптикалык соя 
қосылған агар мен сорпа пайдаланылады.
Ауру жіті өткенде қоздырушысының шошқаның нэжісінен, не тоқ ішек- 
тің қырындысынан фазалық не қараңғыланған микроскоппен қарау арқылы 
тауып, анықтауға болады.
Төзімділігі. 
Микроб сыртқы орта жағдайына төзімсіз.
Шошқаның қиында 18°С-та 6 тэулікке, 4°С-та 3 апта сақталады. Мұзда- 
тылған зардапты материалда 2 айға дейін уыттьілығын жоймайды.
Тейлордың (1971) деректеріне қарағанда көң садырасында ауасыз жағ- 
дайда қоздырушы өсіп, көбейе алады. Боррелийлер тилазин, спирамицин, 
күшала дэрмектеріне сезімтал келеді. Дезинфектанттардан ,2-3% ісүйдіргіш 
натрий, 2% формалин, 20% жаңа сөндірілген эктің тұнбасы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет