Тарихи деректер. Вирус қоздыратын жылқы энцефаломиелитіне бір топ
аурулар жатады. Олар: америкалық энцефаломиелит (шығыс, батыс, венесуе-
лалық), жапон энцефаломиелиті, австралия энцефаломиелиті, Батыс Еуропа-
дағы Борн ауруы, Бүрынғы Кеңес Одағындағы энцефаломиелит. Қазақстанда
1932 жылы делбемен ауырған жылқыдан С.Н.Вышелесский мен К.Н. Бучнев
қоздырушы вирусты бөліп алып, оның биологиялық қасиеттерін анықтады.
Біздің елде бүл ауру 1930-40 жылдары етек алды. 1980 жылы делбе Америка
континентінде кеңінен байқалды, ал 1987 жылы Мурея өзені алқабының
энцефаломиелиті деп аталған ауру Австралия, Папуа-Жаңа Гвинея, Жапония
территориясын қамтыды. Жапон энцефаломиелиті осы елде, Корея, Қытай,
Үндіқытайда байқалып түрады.
Қөздырушысы. Делбенің қоздырушысы тоговирустар тұқымдастығы-
ның альфа жэне флавивирустар туыстастықтарына жататын арбовирустар.
Бүрынғы Кеңес Одағының территориясында кездесетін вирустар жеткілікті
зерттелмеген. Көлемі 8-130 нм, дөңгелек, сопақша, сирегірек таяқша тэрізді
болады. Антигендік қүрамы жағынан делбе вирусы А (альфавирустар) жэне В
(флавивируствр) топтарына бөлінеді. Жылқының энцефаломиелитінің қозды-
рушысы «маса» арбовирустарына жатады, өйткені, осы жэндіктердің кули-
коидтар түқымдастығының денесінде өсіп-өніп, сілекей бездерінде шоғырла-
нады.
Төзімділігі. Кептірілген делбе вирусы тоңазытқышта 2-4°С-та 4-12 жыл,
30% глицеринде 14-18°С-та 3-6 ай, қараңғы қорада 10°С-та бір жыл бойы
сақталады, Күн сәулесі 4-8 сағат, 65°С-та 10 мин., қайнатқанда бірнеше се-
кундта, кэдімгі дизенфектанттар 10 мин. ішінде вирустың белсенділігін жоя-
ды. Формальдегидке вирус сезімтал, ультракүлгін сэуленің эсерінен 1 мин.
зарарсызданады.
Індеттік ерекшеліктері. Делбе басқа да вирустық энцефаломиелиттер
сияқты нағыз табиғи ошақты трансмиссивтік аурулар қатарына жатады. Бүл
аурулардың вирусы көптеген сүтқоректі жэне салқынқанды жануарларда, со-
нымен қатар, жәндіктерде өсіп-өнеді. Көптеген жануарларда инфекция симп-
томсыз жасырын өтеді де, олардан жәндіктерге беріліп, соңғылары арқылы
жылқыға жүғады. Сондықтан жылқының арасында ауру қан сорушы вирус
таратушы жәндіктердің тіршілігіне байланысты. Індет жазғытүрым басталып,
жаздың соңында шегіне жетіп, салқын түсе бәсеңдейді. Ауру әсіресе, масасы
көп ылғалды, сазды жерде, мал жайылымда болғанда жиі байқалады.
Делбенің ерекшелігі оның бір жерде энзоотия ретінде түрақты орын
тебуі. Індет ошағында ауру қатарынан бірнеше жыл байқалады. Әлбетте
спорадия түрінде бірер жануарды қамтиды немесе шағын індеттік түтану
түрінде өтеді. Адамның бүл ауруға шалдығуы байқалған емес.