Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет281/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Тарихи деректер. 
19 ғ ортасына дейін жылқының кілегейлі қабықтары 
қабынып, ыстығының көтерілуі арқылы байқалатын бұл ауру тұмау ретінде 
қарастырылып келеді. 1922-1933 жылдары оны АҚШ-та Димок пен Эдварде 
сипаттады, an Германияда аурудың диагнозын 1937 ж Мисснер мен Хармс 
қойды. Кейіннен ауру Америка мен Европаның басқа елдерінде, Африка мен 
Азия құрлықтарында анықталды.
Қоздырушысы 
-
Herpesvirus equi 1,
жылқы герпесвирустарының бі- 
рінші типіне (ЖГВ-1) жатады, құрамында РНҚ бар, ірі, диаметрі 120-300 нм 
болады. Морфологиялық жағынан жылқы герпесвирустарының 2- жэне 3-ти- 
пінен, басқа жануарлардың герпесвирустарынан айырмашылығы жоқ. Жылқы 
герпесвирусының 2-типі (ЖГВ-2)латентті инфекция, ал 3-типі (ЖГВ-3) қои- 
тустық жыныс экзантемасын қоздырады. Бұл вирустардың экономикалык жа- 
ғынан ең зияндысы ринопневмония қоздырушысы - ЖГВ-1.
Жылқы гёрпесвирустары жылқы эритроциттерін агглютинациялайды, 
гемадсорбция тудырады. Торша өсіндісінде өскенде өзіне тэн цитопатогендік 
эсер береді. Ринопневмония вирусының екі подтипі бар, біріншісі Америка 
континентінде, екіншісі Европа мен Азияда кездеседі.
Төзімділігі. 
Вирус сутегі иондарының концентрациясының өзгеруіне се- 
зімтап, pH 4-тен төмен, 10-нан жоғары болғанда тез белсенділігін жояды, 
вирусқа ең қолайлы pH 6-6,7. 50% глицеринінде жақсы сақталады, бұл ортада 
40°С жағдайында 5 ай белсенділігін жоймайды. Натрийдің дизоксихолоты 
1:100 жэне 1:1000 езіндісінде 22-24°С-та вирустың белсенділігін 45-60 минут- 
та жояды. 1% метанол жэне этил спирті, гепарин немесе ЭДТА вирустың 
инфекциялық қасиетіне эсер етпейді. Ол трипсиннің эсеріне төзімсіз, эфир 
мен хлороформға сезімтал.
Індеттік ерекшеліктері. 
Ауруға жылқы тұқымына, жынысына, жасына 
қарамай шалдығады. Әйтсе де төл сезімтал келеді. Таза қанды асыл тұқымды 
жылқылар жиі ауырады, ал жергілікті жылқылар төзімдірек келеді. Басқа 
жануарлардан есек, қашыр жэне пони ауырады.
358


Ринопневмонияның вирусы ауру жылқының қанында, танаудан аққан 
сорада болады да, жануар пысқырған кезде аэрозоль ретінде ауаға шашырай- 
ды. Буаз биенің шаранасында вирус мол шоғырланады да, іш тастаған кезде 
сыртқы ортаға бөлінеді. Тастанды төл, шу жэне шарана негізгі жүғу факторы 
болып табылады. Вирустың айғыр шәуітімен берілетіндігі толық дәләлденген 
жоқ.
Ауру қоздырушысының бастауы ауырған, жасырын кезеңдегі жэне вирус 
алып жүретін жылқылар. Ринопневмония жаңадан байқалған шаруашылық- 
тарда ауру өте жиі өтіп, барлық бейім жануарлар түгелдей дерлік ауырып бол- 
май басылмайды. Буаз биелердің көпшілігі іш тастайды. Іш тастаған биелерде 
иммунитет қалыптасады да, кейінгі 2-3 жылда іш тастау өте сирек ұшырайды.
Буаз бие негізінен 5-11 айлығында, әсіресе, 10 айлығында құлын тас- 
тайды. Ауру тұрақтаған шаруашылықта ринопенвмония 2-4 жылда қайталана- 
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет